«ҚазТрансОйл» жалпыхалықтық диктантқа қатысты

355
0
Бөлісу:

Латын қарпінмен жалпыхалықтың диктант жазуға «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ұжымы да белсенді қатысты. Алматы облысы Үшарал қаласындағы бөлімшесі – Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының қырыққа жуық маманы жалпыхалықтық диктант жазды.

Сексенге жуық сөзден тұратын диктантты жазуға қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдерінің де қызығушылығы жоғары болды. «Жалпыхалықтық диктантқа қатысудағы басты мақсатымыз – латын негізді қазақ әліпбиін меңгерудегі білім деңгейімізді тексеру. Диктантты ұйымдастырар алдында Алакөл аудандық әкімдігіне қарасты Мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімімен хабарласып, олардан латын әліпбиінің емлесін алдық» деді Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы кеңсесінің меңгерушісі Гүлмира Сейтқазинова.

 

«ҚазТрансОйл» – Қазақстандағы  магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылған магистральды мұнай құбырлары жүйесіне ие. Оның өндірістік нысандары: Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*