Корто залындағы «Қазақстан күзі»

256
0
Бөлісу:

Парижде қазақстандық пианист, Қазақстанның Халық артисі Жәния Әубәкірованың шығармашылық жолының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Шара «Франциядағы Қазақстан күзі» әлеуметтік-мәдени жобасы аясында Қазақстанның Франциядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Корто залында жүзеге асты.
Бағдарламаға республикалық-халық­­аралық конкурстардың жеңім­паз­­дары Ержан Күлібаев (скрипка), Сәния Дүркеева (виолончель), Роман Юсии­пей (аккордеон) қатысып, Қазақ­стан виртуоздары мен заманауи ком­пози­тор­лардың шығармаларын орындады.
«Самұрық-Қазына» қоры мен «Еура­зиялық ресурстар тобы» компа­ния­ларының қолдауымен жүзеге асы­рыл­ған Ж.Әубәкірованың еуропалық туры Австрия, Германия және Польша астаналарында жалғасады. «Франция көрермені – өте талғампаз. Бірақ осы талғампаз көрермен Бахтың хоралын ешқашан пианино мен аккордеонның сүйемелдеуінде тыңдап көрмеп еді. Қазақ музыканттары ғажап орындады. Қазақстанның жаһандық деңгейдегі музыканттары жиналғандарды керемет әсерге бөледі. Басқа да келетін қазақ өнерпаздарының концерттеріне жиі барып тұрамыз деп шештік» дейді өз пікірін ортаға салған көрермен.

Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*