UFC қазақ спортшысымен келісімшартқа отырды

807
0
Бөлісу:

Енді UFC промоушнда қазақ спортшысы төбелесетін болды. Этникалық қазақ Дамир Исмағұлов аталған әлемге танымал ұйыммен келісімшартқа отырған.

27 жастағы спортшы барлық турнирлерде тек Ресей Федерациясының атынан өнер көрсетеді. Бұған дейін М-1 ұйымы қатарында жарыстарға шығып, 18 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жеткен. Соның тоғызын нокаутпен аяқтапты. Соңғы рет 15 маусым күні Оренбургте жекпе-жекке шыққан болатын. Қарсыласы беларусь спортшысы Артем Дамковский қолын сындырып алып, Исмағұлов өз атағын оңай қорғап қала алған.

Әзірге UFC аясындағы Дамирдің алғашқы қарсыласы кім болатыны және октагонға шығатын уақыты әлі белгісіз. Демек жақын арада жария болады деп күтілуде. Еске салсақ, бұған дейін Қытайда туып-өскен және сол елдің намысын қорғайтын тағы бір этникалық қазақ Жұмабек Тұрсын UFC-пен келісімшартқа отырып, бірнеше кездесу де өткізген. Алайда Жұмабектің бұл ұйым аясындағы жекпе-жектері сәтті бола қойған жоқ. Ал таза қазақстандық спортшылардың бірде бірі әлі бұл танымал ұйыммен келісімшартқа отыруға қол жеткізе қойған жоқ. Бұл туралы біздің басылымда арнайы мақала да жазылып, сарапшылардың пікірі кеңінен қамтылған болатын.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*