Тұңғыш өңіраралық форумға жиылды

300
0
Бөлісу:

Шымкент қаласында еліміздің Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин мен өзбек Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Ачилбай Раматовтың төрағалығымен Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті.

Көршілес әрі бауырлас қос мем­лекеттің басшылары Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиеевтің бастамасымен ұйым­дастырылған форум жұ­мы­сына екі елдің әртүрлі өңірлерінің бас­шылары келді.
Жиынның пленарлық оты­ры­сын­да сөз сөйлеген бірінші вице-пре­мьер А.Мамин екі халықтың мә­дени және сауда-экономикалық ба­ғыттарда іс жүзінде жақындай түсуі үшін 2018 жыл табысты бол­ға­нын атап өтті. Ол «Қазақстандағы Өзбекстан жылының» өткізілуі ая­сында бұл форумның ұйымдас­ты­рылуының символдық мәні бар­лығына назар аудартып, биыл екі­жақты ынтымақтастықты одан ары дамытуға септігін тигізетін көп­­­­теген іс-шара өткенін тілге тиек етті.
Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы өзара сауда-саттық оң қар­қынға ие. 2018 жылдың 9 айын­да сауда айналымы 2 млрд дол­лардан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жоғары.
– Болжамдарға сәйкес, 2018 жыл­дың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 3 млрд долларды құрайтын болады. Сауда-саттық көлемін одан әрі ұлғайтудың үлкен әлеуетін ескере отырып, Елбасы 2020 жылға қарай сауда айналы­мы­ның көлемін 5 млрд долларға жет­кізу туралы міндет қойды, – де­ді еліміздің бірінші вице-пре­мьері.
Асқар Мамин мен Ачилбай Ра­матов арнайы барып, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жі­бек жолы» және «Яллама» өт­кізу пунктерін тексерді.
Форум қорытындысы бойын­ша екі ел өңірлерінің басшылары эко­номиканың басым сек­тор­ла­рын­да бірлескен жобаларды іске асыру саласында 16 құжатқа қол қой­ды.
Атап айтқанда, «Жібек жолы ел­дерінің визалық режимдерін өза­ра тану туралы», KTZ Express АҚ мен «Өзавтотранстехника» ғы­лы­ми-өндірістік орталығы ара­сын­да бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімдер бекітілді. Бұдан бө­лек, «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Өз­Транс­Газ» АҚ арасында Өзбекстан ау­мағы арқылы табиғи газды та­сымалдау туралы келісімге қол қойыл­ды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*