London, «The O2». Димаш ағылшындарды тәнті етті (видео)

5696
4
Бөлісу:

Ұлыбритания астанасы Лондонда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі Димаш Құдайбергеннің «DQ» концерттік шоуын өткізді.

3000 адамды сыйдыра алатын «Indigo at the O2» кешенінде өткен концерттің билеттері алдын-ала интернет арқылы сатылып қойған. Тіпті, билет сататын интернет сайты Димаштың коцертінің билетін саудаға шығарған күні қараушы адамдардың санынның көптігінен істен шықты.

Концертті тамашалауға әлемнің 50-ге жуық елінен Димаштың жанкүйерлері жиналды. Қазақстаннан да арнайы бір қауым ел Темза жағалауына жетіп, ел мақтанышы болған Димаштың орындауындағы әндерді құлақ құрышы қанғанша тыңдап қайтты.

Кешке арнайы келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ елінің мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған концертке жоғары баға берді.

– Бұл коммерциялық жоба емес. Концерттен түскен қаржы өнерде жүрген қазақстандық  жас таланттардың қабілетін ашуға, өнерін шыңдауға жұмсалады, – деді вице-министр.

Концерттің ұйымдастырылуы мен өтуін бастан-аяқ қадағалап Димаштың ата-анасы да жүрді. Қанат Айтбаев ұлының жақсы көңіл-күйде жүргенін жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Бұл концерт Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениет күндері аясында өтті. Негізгі мақсатымыз қазақтың әнін, қазақтың өнерін жер жаһанға танытып, мәдениетіміздің көкжиегін кеңейту. Алдағы жоспарларымызда Канадада, Ресейде, оңтүстік Азия елдерінде де концерттер өткізу ойластырылған. Қайда жүрсек те, қай елдің сахнасына шықсақ та қазақ әнін орындау негізгі ұстанымымыз болып қала береді, – деді Қанат.

Концерт екі жарым сағатқа созылды. Димаш әнін орындап, қоштасып кеткеннен кейін де қалың тыңдарман сахнаның алдын босатпай, жарты сағатқа жуық уақыт Димаштың есімін атап тұрып алды.

Бұл кезде талантты әнші сахна сыртында журналистермен жүздесіп, әсерімен бөлісіп жатты.

– Мынадай көрерменнің алдында, өнерді терең бағалай білген бұқара алдында қазақ әндерін орындап, бір арманыма жеттім деп есептеймін. Өте қуаныштымын. Алған әсерімді әлі толық сезініп біте алар емеспін, – деді Димаш.

Асқар Бек

Бөлісу:

4 пікір жазылған

  1. ТАИР 20 Қараша, 2018 at 13:14 Жауап

    ӨЗІ МИНСКІНІ ЖАРЫП ШЫҚҚАНДА НЕГЕ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛИҒІ ЖАС ТАЛАН ДИМАШҚА ҚӨМЕҚ БЕРҒЕН ЖОҚСЫЗ ? ЕНДІ ҮЯЛМАЙ КЫЗАРМАЙ АҚША СҰРАЙСЫҢДАР !!!

  2. Аклима 21 Қараша, 2018 at 18:35 Жауап

    Ия, витебск қаласында гран при алғанын ресейдің каналының естідім. Қазақстандық каналдар сол кезде сүйінші сұрап қуана хабарлайтын шығар деп құлағымды түріп бактым. Ештеңе естымедым. Не десе де Димаштын атағын шығарған Қытайлыктарга рахмет! Тек тіл көзден сақтасын!

  3. Санди 22 Қараша, 2018 at 02:31 Жауап

    Неге олай дейсіз? Қазақ теледидарлары ғой. Самолеттен түскенде тележурналистер интервью алды. Ол хабарды өз көзіммен көрдім. Қазақ баспасөздері де қуана сүйінші сұрады. Мен өз басым Димаш туралы алғаш осылардан білдім. Содан бері Димаш өнерін бақылап келемін.

  4. Рая 22 Қараша, 2018 at 23:23 Жауап

    Келісемін! Менің ойымымен дәл түсті: Ия, витебск қаласында гран при алғанын ресейдің каналының естідім. Қазақстандық каналдар сол кезде сүйінші сұрап қуана хабарлайтын шығар деп құлағымды түріп бактым. Ештеңе естымедым. Не десе де Димаштын атағын шығарған Қытайлыктарга рахмет! Тек тіл көзден сақтасын!
    Сол кезде шығарып салуға БибигүлТөлегенова, Ә Каримов тағы бірнеше әншілер болды. Әр жерден ашып қарап едім ләм-мим жоқ ДимаштыңВитебскіге аттануы туралы. Сол кезде көнілім қалды ел телевизиясына содан бері вообще телевизор да әншілер ді де танымаймын да қарамаймын. Біреу сұраса ондайлар бар ма? деп жауап берем.

Пікір жазу


*