КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЗДЕСУ

388
0
Бөлісу:

Жітіқара политехникалық колледжінің Dream team, «Эрудит 2», №3 орта мектептің «Болашақ», №2 орта мектептің «Қазақ лигасы» атты топтары «Қазіргі заманғы технологиялар өмір сапасын басқару құралы болып санала ма?» деген сауалдың жауабын іздеді.
Аталған шара Қостанай облысындағы Жітіқара политехникалық колледжінде өткізілді. Оның ұйымдастырушысы – «Нұр Отан» партиясы Жітіқара аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты және «Намыс АБО» қоғамдық бірлестігі.
Дебаттық турнирдің қатысушылары түрлі жағдайлар мен дәлелдерді қарастырды. Қазіргі заманғы технологиялардың пайдасы жайында сөз қозғаған алғашқы топтың айтуынша, әлемде технологиялар өте көп, мысалға түрлі гаджеттерсіз, соның ішінде медицина мен ғылымда, бизнесте, құры­лыста басқа да көптеген салаларда смарт­фонсыз, ультрабуксыз, планшетсіз және тағы басқа құралдарсыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ал олардың қарсыластары осы құралдардың теріс әсері жайында айтты. Мысалға, компьютердің алдында көп жұмыс атқарған кезде көз шаршап адамның көру қабілеті төмендейді. Сонымен қатар соңғы кезде адамдар өзара бетпе-бет кездеспей, телефон арқылы сөйлесіп немесе хабар­ландыру жазып, бейнебайланыс арқылы бір-бірімен тілдесуді дағдыға айналдырған.
Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орын­ды политехникалық колледждің Dream team тобы иеленді. Екінші орынға «Эрудит 2» то­бы, үшінші орынға №3 орта мектептің «Бола­шақ» тобы, ал қазақтілді топтар арасында «Қазақ лигасы» бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*