QazaqGeography съезі өтті

355
0
Бөлісу:

Үкімет басшысының бірінші орынбасары, QazaqGeography төрағасы Асқар Маминнің төрағалығымен QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің съезі ұйымдастырылды.

Шара QazaqGeography жаңа кеңсесін таныстыру рәсімінен басталды. 1968 жы­лы салынған ескі ғимарат аз уақыт ішінде қайта жөнделіп, заманауи кеңсеге айнал­ды, онда мұражай, электронды кітапхана мен медиа орталық жұмыс істейді.
QazaqGeography төрағасы А.Мамин Қазақстанда тарихи және мәдени мұра­лардың сақталуына бей-жай қарамайтын ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, түрлі салалардың кәсіби мамандары және жастардың басын біріктіретін ұйымның маңыздылығын атап өтті. QazaqGeography қазақстандықтар және әлемдік қоғам­­дастық үшін туристік нысандарды ілгерілетуде басты рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
Оның айтуынша, QazaqGeography Қазақстанның ғылымын, мәдениеті мен тарихын насихаттау орталығына айналуы тиіс, бұл Мемлекет басшысы Н.На­зар­баев­ өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында ерекше атап өткен еліміздің мәдени кодының сақта­луына үлесін қосады.
Есепті кезеңдегі қызмет қорытын­ды­лары туралы QazaqGeography басқарма төрағасы Жана Рүстем баяндады. Оның ай­туынша, өткен бес жылда бірлестік 60 жо­­баны іске асырған, 10 экспедиция жа­са­ған, 13 кітап шығарған. 2015 жылдан бері жыл сайын халықаралық мәртебеге ие «Хан Қорық» жастар фестивалі өткі­зіледі. 2018 жылы Kazakh Tourism ұлттық компания­сымен ынтымақтастық ая­сын­да QazaqGeography «Ұлы дала еліне сая­хат» жоба­сына қатысты. Бір­лестік Ұлы­тау­ға, Шоқан Уәлихановтың ізімен Қаш­қарияға, Торғай геоглифтері мен Арал теңізіне экспе­ди­циялар жасады. Жыл сайын еліміздің киелі жерлеріне «Кие­лі Қазақ­стан» экс­педициялары өткі­зіледі. Эскпе­диция­лардың барлық бағыт­тары бойынша GPS-координаттар белгіленеді.
Сарыарқа және Жаңа Жібек жолы ба­ғыт­тары бойынша жасалған экспеди­ция­лар нәтижесінде жаңа туристік бағдарлар түзіліп, иллюстрацияланған жолнұсқалар әзірленді, табиғи және тарихи-мәдени ны­сандар туралы сапалы фото және бей­не­банк жасалды, олардың жай-күйі ту­ралы ақпараттар жаңартылды.
Съез жұмысын аяқтаған QazaqGeography төрағасы Асқар Мамин төрт санат – «Табиғат», «Адамдар», «Қала­лар» және «Астана» тақырыптары бо­йын­ша «Ме­нің Қазақстаным» фото­бай­қа­уы­ның ­же­­ңім­паз­дарын марапаттады. Сон­дай-ақ ­QazaqGeography бес жыл­ды­ғына орай ұйымның қалыптасуы мен да­муына қосқан үлестері үшін бірлестіктің белсенді мүше­леріне сый-құрмет көрсетілді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*