Телефон жиі ұрланатын аймақ қайсы?

397
0
Бөлісу:

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінше, биыл тоғыз айда Қазақстанда 31 111 ұялы телефон ұрлау дерегі тіркелген.

Ең көп ұрлық Алматы – 7 412, Астана – 2 915 қалаларына тиесілі. Алматы (2 810), Қарағанды (2 448), Шығыс Қазақстан (2 354) облыстарында да телефон ұрлығы көп. Ең аз ұрлық Маңғыстау (325), Солтүстік Қазақстан (525), Қызылорда (528), Атырау (621), Түркістан (881) облыстарында анықталған. Бірақ ұрлықтың статистикасын әр облыста халық санына қарай есепке алсақ,  100 000 адамға шаққандағы ұрлық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында телефон ұрлығы көбейген. Тоғыз айда 2,8 миллиард теңгенің ұялы телефоны ұрланған. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері тек Астанада 586 ұялы телефон ұрлығының фактісі ашылып, 512 адам ұсталған.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*