Ханойда өткен кездесу

183
0
Бөлісу:

Нұр Отан» партиясының делегациясы Вьетнам социалистік республикасының Ком­мунистік партиясы орталық комитетінің ша­қыртуымен алғашқы іссапарға барып келді. Делегацияны партия хатшысы Қаныбек Жұмашев бастап барды. Ханойда өткен кездесу – екі ел арасындағы бірінші партияаралық серіктестік.

Кездесу барысында Қаныбек Жұмашев саяси бюро мүшесі, Вьетнам Коммунистік пар­тиясының орталық комитеті хатшысы Во Ван Тхыонгпен, сонымен бірге партияның халықаралық бөлімінің басшысы Хоанг Бинь Куанмен келіссөздер жүргізді. Партия хатшысы вьетнамдық әріптестеріне «Нұр Отан» партиясының жан-жақты модернизациялау процестері, Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы мен өзге де іске асырылып жатқан жобалар жайлы айтты.
Іссапар қорытындысында екі жақ «Нұр Отан» мен Вьетнам коммунистік партиясы арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Кездесудің маңызды аспектілерінің бірі – пар­тиялық басқару саласындағы тәжірибе алмасу, кадрлық саясат пен жаңа ақпараттық технология­ларды қолдану. Қатысушылар билікке қарасты құрылымдар арасында байланыс орнатуға әзір екендігін жеткізді. Атап айтқанда, партияның жастар қанаты мен зерттеу орталықтары ара­сында берік байланыс орнатылады.
Айта кетерлігі, былтыр Вьетнам коммунистік партиясының делегациясы елімізбен танысу мақсатында Қазақстанға келіп кеткен еді. Ол уақытта делегацияны бастап келген – Вьетнам Коммунистік партиясының орталық комитеті хатшысы Во Ван Тхыонг болатын.

Айша ЕРСҰЛТАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*