Қазақстандық БАҚ өкілдері Еуроодақ жұмысымен танысты

353
0
Бөлісу:

Биыл Еуропалық Одақ пен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығы атап өтілуде. Тараптар 1993 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды. Осыдан бастап сауда, экономика, көлік және қоршаған орта сияқты салалардағы өзара ынтымақтастық жыл өткен сайын нығаюда.

ЕО – Қазақстанның ең бірінші сауда әріптесі. Оның үлесіне Қазақстан саудасының үштен бір бөлігі тиеді. Қазақстанның ЕО-ға экспорты түгелге жуық мұнай-газ секторының өнімдері, пайдалы қазбалар, химия өнеркәсібінің өнімдері мен азық-түлік тауарларынан тұрады. ЕО-дан Қазақстанға машиналар мен көлік жабдықтары, дәрі-дәрмек, пластмассадан жасалған бұйымдар, медициналық жабдықтар мен жиһаз импортталады. Өткен жылы Қазақстанның ЕО-ға экспорт көлемі – 17,6 миллиард евро,  ал ЕО-ның Қазақстанға импорты – 5,1 миллиард евроны құрады.
Айта кету керек,  ЕО Қазақстанның бірінші шетелдік инвесторы. Еуропалық Одақтың үлесіне Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың 58 пайызы мен жыл сайынғы инвестициялар ағымының 50 пайызы тиеді.
1990 жылдардан бастап тек Қазақстан емес, Орталық Азияның Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан  елдері де Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты нығайтып келеді.
Еуропалық Одақ жұмысымен тереңірек таныстыру мақсатында Орталық Азия журналистерін тағылымдамадан өтуге Брюссельге арнайы шақырған болатын. Орталық Азия БАҚ өкілдері Еурокомиссия, Еуропарламенттің және Еурокомиссия  мен Еуропарламент ақпарат тарату орталықтарының жұмысымен танысты.

Гүлнар Жұмабайқызы,
Брюссель

Бөлісу:

Пікір жазу


*