Абу-Даби. Мамин жемісті келіссөздер жүргізді

622
0
Бөлісу:

Абу-Дабиде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – БАӘ Президент істері бойынша министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
Сапар Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы күштері  жоғары қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Астанаға жасаған сапары шеңберінде және оның ағымдағы жылдың 4-ші шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қол жеткізілген келісімдерін орындау шеңберінде жүзеге асырылды.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы экономиканың әр түрлі салаларындағы инвестициялық ыңтымақтастық мәселелерінің кең ауқымдылығы болды.


Энергетика саласындағы ыңтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар екендігі аталды.
Полиэтилен өндіру жобасы бойынша Borealis (Mubadala) компаниясымен бірлескен жобалық компания құрылып, қазіргі таңда ТЭН жасалуда.
Жобаны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тауып отыр. Жобалық қуаты 6,5 млрд АҚШ доллары тұратын 1250 мың тонна полиэтилен шығару жоспарланған. Бұдан басқа, араб тарапы Атырау облысында салынып жатқан полипропилен өндіру жөніндегі жобаға кіруге мүдделі екендіктерін қуаттады. Ал жалпы күтіліп отырған қуаты 2,6 млрд АҚШ долларына бағаланатын 500 мың тонна полипропилен өндіру көзделуде. Тараптар сондай-ақ энергетика саласындағы бірқатар болашағы зор жобаларды қарастырды. Және де «Байқоңыр» ғарыш айлағы базасында аэроғарыштық саладағы ыңтымақтастықтың жоғары әлеуеті барлығын, «Союз-2» типтегі зымыран-тасығышымен ғарыштық аппараттарды жөнелту және №1 «Гагарин старт» ұшыру кешенің жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны талқыға салды.
Үштарапты (ҚР, БАӘ және РФ) жұмыс тобы құрылып, тұрақты консультациялар жүргізіліп келеді. Ғарыштық аппараттарды ұшыру қызметінің нарықтық бағасын айқындау аяқталды. Жоба бойынша шешім 2019 жылдың бірінші тоқсанында қабылданады деп күтілуде. Көліктік-логистикалық салада да ыңтымақтастық дамуда.
Қазақстанда Mubadala (БАӘ) инвестициялық қорымен бірлесе «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы аумағында «А» класты заманауи қоймалық ғимараттар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жалғасуда. Аумағы 14 мың шаршы метрді құрайтын екі қойма 2019 жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі.
БАӘ теміржол жүйесін бірлесе дамыту жобасы талқыға салынды. Теміржол инфрақұрылымын дамыту нысанының ұзындығы 604 км құрайды. Қазақстандық компаниялар тендерлік рәсіміне белсенді қатысуда және жобаны жүзеге асыру бойынша біліктіліктерін растады. Жобаның бірінші кезеңіне қатысуы жөніндегі шешім 2019 жылдың бірінші тоқсанында шығарылатын болады. Сонымен қатар, экономиканың өзге де салаларындағы жобалар бойынша ыңтымақтастық жайы сөз етілді.

Анар Қоныс

Бөлісу:

Пікір жазу


*