ҮЗДІК ИНВЕСТИЦИЯ АЙМАҒЫ

157
0
Бөлісу:

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Financial Times басылымына еншілес fDi Magazine халықаралық журналының «Арнайы экономикалық аймақтар – 2018» рейтингіне сәйкес алты аталым бойынша дүниежүзіндегі үздік бизнес платформа деп танылды. Осы орайда жағымды жаңалықтың мән-жайын білмек болып аталған арнайы экономикалық аймақ басшылығына хабарласқан едік. «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясының басқарма төрағасы Әділет Ғайнуллаұлы компанияның жетістігімен бөлісіп, қуанышын жеткізді.

FDi Magazine сарапшылары нені ескерді?

FDi Magazine сарапшылары «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясын тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, резидент кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық, өндіріс көлемін арттыру, экспорт аясын ке­ңейту, халықаралық ұйымдармен қарым-қа­тынастар, қайырымдылық іс-шараларын ұйым­дастыру және өткізу бағыттарындағы жүр­гізілген жұмыс нәтижелерін ескере оты­рып, мынадай аталымдар бойынша тұжы­рым­дар жасапты. Атап айтқанда, CHINA STRATEGY – «Қытай стратегиясы», EXPANSIONS – «Өндіріс алаңдарын кеңейту», MARKETING SLOGAN – «Үздік жарнама ұраны», CHARITY INITIATIVES – «Қайы­рым­­дылық шаралары», COMMUNITY OUTREACH AWARD – «Ақпараттық қызметі» және EDITOR’S CHOICE: ONE’S TO WATCH – «Редактордың таңдауы- Перспек­тивалы АЭА» номинациялар көшбасшысы ретінде марапаттады.
Қуантарлығы сол, журналдың 30 жыл­дық тарихында тұңғыш рет қазақстан­дық арнайы экономикалық аймақ бір емес, бірнеше көр­сеткіштер негізінде жеңімпаз деп жарияланып отыр.

Ол қандай басылым?
Айта кету керек, FDi Magazine – бүгінгі таңда жаһандық инвестициялық әлеует пен ахуал жайында әлемнің 120 еліне ақпарат тарататын бірегей басылым. Бұл басы­лымның белсенді оқырмандары – ірі ұлт­тық және жеке компаниялар, инвес­ти­циялық қорлар, қар­жылық ұйымдар, банк­тер мен даму инс­титуттары, трансұлттық кор­по­рациялар, сон­дай-ақ шетелдік тікелей ин­вес­ти­ция­лар­дың бөлінуіне жауапты саяси және бизнес эли­та өкілдері кіреді. Тұтастай алғанда бұл –­ әрдайым журналды оқитын 500 мил­лион­нан астам әлеуетті инвестор.

Мың жарым адамды жұмыспен қамтып отыр
Жыл сайын жарияланып тұратын бұл рейтингті жасау барысында халықаралық fDi Magazine беделді аналитикалық ба­сы­лымының сарапшылары әлемнің үздік ар­найы экономикалық аймақтары мен бизнес үшін ең қолайлы инвестициялық алаңдарды анықтайды. Жалпы, бұл рейтинг әлемнің арнайы экономикалық аймақтарын 10 көр­сеткіш бойынша бағалайды. Соның ішінде орта және шағын кәсіпорындарының саны мен пайыздық үлесі, тұрақты жұмыс орын­да­рының саны мен пайыздық үлесі және аумақтың кеңеюінің пайыздық көр­сет­кіш­тері бағалаудың негізгі критерийлері болды.
Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭА аумағы жеңіл өнеркәсіп, химия және мұнай химиясы өнімдерін шығаратын 12 озық өндірушілердің қолайлы мекеніне айналып, жалпы құны 28,4 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырып, 1 346 адамды тұрақты жұмыс ор­ны­мен қамтып отыр. Дайын өнім әлемнің 15 еліне экспортталып, тұтынушы үшін жоғары сапа және қолайлы баға арақатынасы­мен ерек­шеленіп, шетелде үлкен сұранысқа ие­леніп отыр. Сонымен қатар АЭА қатысу­шы­лары арасында ұйымдастырылған өнер­кәсіптік ынтымақ­тастық, салықтың негізгі түрлерінен (ҚҚС, КТС, мүлік және жер салығы) босату, сондай-ақ кедендік баж­дар­дың болмауы сияқты жеңілдіктер шетелдік және отандық инвесторлар үшін үлкен қы­зығушылық тудырады. 2021 жылдың аяғына дейін іске қосылатын жобаларды қоса есеп­те­генде «Оңтүстік» АЭА-ға тартылған инвес­ти­ция­лар­дың жалпы құны 173 млрд теңгені құрай­тын болса, ашылатын жұмыс орын­дарының саны 4 мыңнан аспақ.

Шетелдік әріптестермен тығыз байланыста

«Оңтүстік» АЭА аумағында бүгінде ше­т­елдік қатысы бар жобалардың қатарында «Бал Текстиль» ЖШС – еліміздегі ең ірі кілем зауыты.
Жобаның серіктесі – әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі және әлемдік на­рықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар Kartal Hali (Түркия) компаниясы. Түркия­лық инвестормен бірлесе ашылған БК Lux Shoes ЖШС – отандық ірі аяқ киім тігетін фаб­ри­каның бірі. БК Lux Shoes ЖШС өнімдері за­м­ан талабына сай итальяндық технология бойын­ша тігіледі. «Әлем БТ» ЖШС – отан­дық шұлық шығаратын ірі кә­сіпорын. Зауыт – ко­рей технологиясы мен қазақстандық кәсіп­кер­ліктің біріккен жұмысының нәтижесі.
Бұдан басқа, «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясы 2018 жылдан бастап дүние­жү­зілік арнайы экономикалық аймақтар ұйы­мының Орталық Азиядағы ресми өкілдігі мәртебесіне ие. Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум мырзаның жеке бас­та­масымен құрылған бұл ұйымға 70 мем­ле­кеттің 500-ден астам арнайы экономикалық және индустриялды аймақтары мүше. ДАЭАҰ-мен тығыз ынтымақтастық тек Оң­түстік АЭА-ны ғана емес, тұтас Қазақ­стан­ның экономикалық мүмкіндігін алпауыт инвесторлар арасында танымал етіп, әлемдік инвестициялық үрдістердің ағымына сай дамытуға серпін береді.
Айта кету керек, осы жылдың шілде айында Kazakh Invest ұлттық компаниясы және Дүниежүзілік арнайы экономикалық аймақтар ұйымының қолдауымен «Оңтүс­тік» АЭА-ның басқарушы компаниясы Ор­талық Азия елдерінің 30-ға жуық АЭА-ның басын қосып, заманауи дамыту тен­ден­ция­лары мен стратегиялық әріптестер тарту инс­трумент­те­рін ендіру бойынша GESEZ – 2018 ха­лық­аралық конференциясын өткізген болатын.
Конференция аясында Conway және Systemiq сияқты инвестициялық алыптар өңірдің арнайы экономикалық аймақтарын дамытуға қызығушылық білдіріп, бірқатар келісімдерге қол жеткізген болатын. Атал­ған ұйымдар қызмет көрсететін компания­лар­дың жалпы инвестициялық әлеуеті 100 млрд доллардан асып жығылатынын ес­кер­сек, Орталық Азия және оның жетекші эко­но­микасы болып табылатын Қазақстан ал­дағы ұзақ жылдар бойы шетелдік инвес­тициялар үшін басым нысана болып қала бермек.

Басқа арнайы экономикалық аймақтарға үлгі
«Оңтүстік» арнайы экономикалық ай­мағының жұмыс көрсеткіштері Үкімет және орталық атқарушы органдар тарапынан оң бағасын алып, еліміздің басқа арнайы эко­номикалық аймақтарына үлгі болып отыр.
Нәтижесінде, тәжірибе бөлісу жұмыс­тары аясында «Павлодар», «Ақтау – Теңіз порты», «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймақтарына айтарлықтай қолдау шаралары көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі
№1605 Жарлығымен Республиканың эко­но­микасының әлемдік экономикалық бай­ла­ныстар жүйесіне кіруін белсендету үшін өңір­дің дамуын жеделдету мақсатында тиім­ділігі жоғары, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді қоса алғанда өнімнің жаңа түрлерін дамыту, инвестиция­лар­ды тарту, нарықтық қа­тынастардың құ­қықтық нормаларын жетілдіру, заманауи бас­қару мен басқару әдістерін енгізу, әлеу­меттік мәселелерді шешу үшін құрылды.

Тельман БЕЙСЕН 

Бөлісу:

Пікір жазу


*