Дала фольклорының антологиясы

166
0
Бөлісу:

Қазақтың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі – мәңгілік құнды мұра. Ата-бабадан қалған мұраны көздің қарашығындай сақтай отырып, келер ұрпаққа қаз-қалпында аманат ету – жауапкершілік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихты қайта жаңғыртып, әлем елдерінің алдындағы ұлт мерейін асыруға бағытталған. 

Бұған дейінгі «Мәңгілік мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында да қазақ халқының көнеден қалған көптеген мәдени-рухани мұ­ра­сы қайта жаңғырды. Төл руханиятымыз қайта түледі. «ұлы даланың жеті қы­рында» тарихты тереңінен зерттейді. Атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі ме­тал­лургия, аң стилі, түркі әле­мінің бе­сігі, Ұлы Жібек жолы, Қа­зақ­стан – алма мен қыз­ғалдақтың ота­ны екеніне арнайы тоқ­талған. Осы жеті игілік – тарихымыз­дың ежелгі дә­уір­мен астасқан бүгінгі көкжиегі. Та­рихқа үңілсек, қазақ халқы қаншама зұлматты басынан өткерді. Ендеше, өткенді дәріптей отырып, кемел ке­ле­шекке ұмтылудың үлгісін көрсету – халық алдындағы айтулы жауап­кер­шілік, ауыр жүк. Көне тарихымызға бай­ланысты бұ­ған дейінгі жобалар Еу­разия құрлы­ғындағы ел беделін арт­тырды. Президент: «бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар әлі де болса, ғылыми айналымға түс­кен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архив­те­рінде іздеушісі мен зерт­теушісін күтіп жатыр. Сон­дықтан ежелгі дә­уір­ден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қам­титын барлық отан­дық және шет­елдік мұрағаттар дүние­сіне елеулі ірге­лі зерттеу­лер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жыл­дық бағ­дарламасын жа­сауымыз қажет деп санаймын», – деді. Бұл игілікті іс алдағы уақытта тарихшы, ғалым, мәде­ниет­та­ну­шыларға үлкен міндет жүктеп отыр. Қазақ халқы мұн­дай құнды архив дерек­терімен цирфлы форматта та­ны­сады. Тарихты түгендеу, ұлтымыздың өткеніне тереңнен үңілу ендігі жерде мектеп қабырғасынан, одан қала берді арнаулы орта және жоғары білім беретін оқу орындарынан басталады. Бағдар­ла­мада «Ұлы дала­ның ұлы есім­дерін» жаңғыртуға да баса назар ауда­рылған. Өркениетті елдің бәрі мәде­ниеті, әдебиеті, тарихына үлес қосқан ұлы тұл­ға­ларын мемлекет­тің мақта­нышына ай­нал­дыра алды. Бо­лашақта біздің ұрпақ әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Күлтегін мен Бей­ба­рыс, әз-Тәуке мен Абылай хан, Ке­несары мен Абай Құнанбайұлының ең­бегіне, ерлігіне тереңірек үңіліп, ба­­балар тарихын мақтан ететін болады. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-энциклопедиялық саябағын ашу бас­тамасы да жас ұрпақтың көңіл көк­жие­гін кеңейте түсетіні анық. «Ұлы дала­ның жеті қыры» – Қазақстанның күл­лі түркітілдес халықтарының басын қосатын қара ша­ңырақ. Елбасы алдағы уақытта республика аумағында «Түркі өркениеті: түп тамы­ры­нан қазіргі заманға дейін» атты жобаның қолға алынуы қажеттігін жазады. Елбасы ұсы­нысымен Түркістан қаласы бола­шақта барлық түркі халықтары үшін киелі сана­латын рухани орталыққа айналады. Қазақ халқы ежел­ден киелі, қасиетті санаған аң стилінде жасалған қолөнер бұйымдары, «Алтын адам­ның» қару-жарағы, ұлттық жәдігер­лер жинақталса, қазақ тарихының мәрте­бесі тағы мәрте артатыны анық. Сон­дай-ақ «Ұлы даланың ұлы өркениет­тері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конс­трукциялар клубын құруды ұсын­ды. Соның негізінде, Астанада және Қа­зақ­станның өзге де өңірлерінде ежел­­гі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қаған­да­рының дәуірі және басқа да тақы­рыптар бойынша фестивальдер өткі­зуге болатынын айтты. «Бұл жоба ая­сында бізге «Дала фолькло­рының анто­­логия­сын» жасау керек. Мұнда ұлы дала мұра­герлерінің өткен мың­жыл­дық­тағы халық ауыз әдебиетінің таң­даулы үлгілері: ертегі, аңыз-әфса­на, қис­са, эпостары жинақ­талады. Со­ны­мен қатар қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да ұлт­тық музы­калық аспаптарымен орын­дауға арналған маңызды туын­ды­лар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарын­дары» жинағын ба­сып шы­ғару қажет», – деді. Осы игі­ліктің бәрі қа­зақ хал­қының руханиятын, төл мә­­де­ние­тін, терең та­рихын түгендеуге сеп­­­тігін тигізеді. Енде­ше, келер ұрпақ­қа ама­нат құнды дүние­лердің қатары көбейеді.

Ә.Күлекеева,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің физика пәні мұғалімі

Бөлісу:

Пікір жазу


*