Барлық баланың төлқұжаты болуы тиіс

1051
1
Бөлісу:

2019 жылдан бастап Қазақстан төлқұжат алу туралы заңнамасына өзгертулер енгізілмек. Жаңа заң бойынша әр баланың 16 жасқа дейін жеке төлқұжаты болуы қажет.

Келесі жылдан бастап Қазақстанда ата-аналар баласының жеке басын куәландыратын құжаты болмаса, оларды шетелге алып шыға алмайды. Әлемдік қауымдастық құжаттық-визалық бақылауға қатысты ережелерді күшейтуді талап етіп отыр. Сондықтан бұдан былай елімізде кәмелет жасына толмаған балаларға да төлқұжат алу міндеттеледі. Мақсат – терроризм және экстремизммен қарсы күресу, бала құқығын қорғау. Дамыған елдерде жеке тұлғаны сәйкестендіру жүйесі оны сандық суреттер арқылы анықтап, қол таңбасы мен көз торын сканерлейді. Балаларға  үшін төлқұжат алу ережесін енгізу АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, мен Еуропа елдері қолданылады. Биыл төлқұжат алу құны қымбаттады. Былтыр – 9 076 теңге, биыл төлқұжаттың бағасы 19 400 теңге болды.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Азамат 5 Желтоқсан, 2018 at 12:42 Жауап

    Арзандады деген сөзді қашан естиміз жамағат?!!!Әйтеуір бірдеме табады халықтан ақша соруға!!!!

Пікір жазу


*