Отанымыздың патриоты болу – баршамыздың парызымыз

120
13
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев елордада, Есілдің оң жағалауында орналасқан ұлттық әскери-патриоттық орталыққа барып, «Отан, Елбасы, Жас сарбаз» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Оның аясында Мемлекет басшысы балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Ел Президенті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс са­пасын арттыру» атты Жолдауында «Сарбаз» ба­лалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мек­тептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рө­лін күшейтуді жүктеген болатын.
Осы орайда Қорғаныс министрлігі Ау­ған соғысы ардагерлерімен және осы са­ла­да бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан қауымдастықпен, қоғамдық ұйымдармен тізе қоса отырып, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қоз­ғалысы республикалық қоғамдық бір­лестігінің құрылғаны жөнінде Елбасына мә­лім етті.
Мемлекет басшысы іс-шара басталар ал­дында әскери-патриоттық орталық му­зейін аралап, экспозицияларымен таныс­ты. Онда Қазақстан армиясына арналған әс­кери суретшілер студиясының туын­ды­лары мен «Орбұлақ шайқасының» дио­ра­ма­сы қойылған, сонымен қатар 3D mapping шоу технологиясы қолданылған проек­циялық көрме ұйымдастырылды.


Мерекелік кездесуде сөз сөйлеген Н.Назарбаев шараға қатысушыларды «Жас сарбаз» қозғалысының өз жұмысын бастауымен құттықтады. Бұл бірлестіктің мақсаты өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу болмақ. Осыған орай, Елбасы ұлттық рухты қалыптастырудың және ел тарихын терең зерттеудің маңыздылығын айрықша атап өтті.
–Жақында жарияланған Қазақстан халқына Жолдаудағы мәнді мәселе­лер­дің бірі – патриоттық тәрбие беру ісі. Егер біз Отанымызды қорғай алмасақ, онда Тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде атқар­ған барлық жұмысымыз өз мәнін жоғалта­ды, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мемле­кет тарапынан қолға алынып жатқан ша­ралардың барлығы келер ұрпақ үшін жақсы жағдайлар жасауға бағытталғанына назар аудартты.
–Осының бәрі біздің болашағы­мыз – жастарға арналған. Атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі сіздердің өмір­леріңізді біздікінен де жақсы етуді, Қа­зақстанымызды одан әрі гүлденте түсуді көздейді, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы республика жастарын «Жас сарбаз» қозғалысы мүшесінің қатарына қосылуға шақырды.
–«Жас сарбаз» қозғалысы еліміздің барлық өңірінде пайда болуға тиіс. Жастар осы қозғалыстың сапында болуға тиіс. Олар денешынықтырумен айналы­сып, әскери мамандықтарды игергені жөн. Бұл қозғалыс Қорғаныс министр­лі­гімен бірлесіп, патриоттар тәрбиелеу ісіне белсенді қатысуы шарт. Сонда ғана сіздер халқымыздың тірегіне айна­ла­­сыз­дар! – деді жастарға қайырылған ел Президенті.
Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың қазақстандық патриотизмді күшейту ісіндегі ерекше маңызына тоқталды.
Елбасы Қазақстан қоғамы өркендеуі үшін тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау керектігін нықтады.
– Елімізде көптеген этнос өкілдері тұрады. Біз бәріміз де – Қазақстан азаматтарымыз. Бәріңіз ұлы Римді білесіздер, онда бірінші орында этнос емес, азаматтық тұрған. Тиісінше, осы империяға кіргендер тегіс – импе­рияның азаматтары саналған. Біздің де сонау сақтар, ғұндар, көк түріктермен астасып жатқан бай тарихымыз бар, мыңжыл­дықтар ішінде көптеген ха­лық­тар мен мәдениеттерді өз айналамызда ұйыс­тырдық. Соның арқасында төзім­ділік пен құрметтеу қасиеттерін бо­йымызға сіңірдік. Бұл құндылықтар біздің Қазақ­станды біріктіреді, оны қуатты және сыйлы мемлекетке айналдырады. Сол себепті Отаны­мыз­дың патриоты болу – баршамыз­дың парызымыз! – деді Қазақстан Прези­денті.
Сөз соңында Мемлекет басшысы қатысушыларға табыс пен жаңа жетіс­тіктер тіледі.
Кешегі іс-шара барысында «Жас сар­баз» қозғалысының өңірлердегі фи­лиал­дарының тұсауы кесілді. Сондай-ақ Ел­басыға қозғалысқа мүше балаларға ұсы­нылатын бірыңғай киім үлгісі таныс­тырылды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

13 пікір жазылған

  1. Бектас 9 Желтоқсан, 2018 at 13:29 Жауап

    Отличная инициатива по созданию военно-патриотического движения для детей и подростков. Не терпится увидеть результаты их работы

  2. Алишер 9 Желтоқсан, 2018 at 13:29 Жауап

    Конечно есть села где нету 10-11 классов, соответсвенно дети не изучают там начальную военную подготовку. Значит нужно соответсвующее движеиие

  3. Манас 9 Желтоқсан, 2018 at 13:31 Жауап

    как раз перед наступлением года молодежи. Думаю основную работу движение будет начинаться в следующем году

  4. Батыр 9 Желтоқсан, 2018 at 13:31 Жауап

    как раз перед наступлением года молодежи. Думаю основную работу движение будет начинаться в следующем году

  5. Аман 9 Желтоқсан, 2018 at 13:32 Жауап

    Әрине жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын. Ашық аспан болсын. Бірақ елді қорғауға әрқашан дайын болу керек.

  6. Тимур 9 Желтоқсан, 2018 at 13:32 Жауап

    Жастарға осыны айту керек, алдарына беру керек. Қандай еңбекпен Тәуелсіздігіміз алынып, қандай қадамдар болғанын бағалау керек.

  7. Мурат 9 Желтоқсан, 2018 at 13:33 Жауап

    Еліміздің Тәуелсіздігі жас болсада көп мәселені жүзеге асырған. Нөлден бастап елордамыз Астана жарық көрді.

  8. Абылай 9 Желтоқсан, 2018 at 13:33 Жауап

    Сейчас вот как раз начнется премьера фильма про становлении города Астана. Думаю интересно будет посмотреть.

  9. Таир 9 Желтоқсан, 2018 at 13:35 Жауап

    Мектептерде балалар арасында әскери-патриоттық тәрбие беретін ұйым пайда болғанына қуаныштымын

  10. Иманали 9 Желтоқсан, 2018 at 13:36 Жауап

    «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылу бастамасы онды болды

  11. Даурен 9 Желтоқсан, 2018 at 13:36 Жауап

    Дұрыс сөздер айтты елбасы. Өз үйімізді, отбасымызды қорғай білу керекпіз. Ол үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде.

  12. Әлібек 9 Желтоқсан, 2018 at 13:37 Жауап

    Әскери тәрбие мектептен басталады. Ол ұзақ жүйелі жұмыс. Ер-азаматтардың бойында сондай сезімді сіңіру жұмысы

Пікір жазу


*