Киноэпопея көңілден шықты

194
10
Бөлісу:

Қазақстан орталық концерт залында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың шығармалары желісімен түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Астана» атты фильмнің тұсаукесері өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай ұсынылған фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойын­­ша Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» киностудиясы мен «Сатай­фильм» кинокомпаниясы түсірген.
Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілген фильм Ақмоланың Астанаға айналуы мен күні бүгінге дейінгі кезеңі туралы баяндайды. Картинада 1994 жы­лы астананың Ақмолаға ауысып, Аста­наның қысқа мерзім ішінде күн санап дамып келе жатқанын және үздік әлем астаналары қатарына енгенін көрсетеді.
Сондай-ақ картинада Астана­ның тұрғызылу кезінде түрлі қиындық­тар орын алғаны және Елбасы мен оның айналасындағылардың оларды қалай еңсергендері туралы жан-жақты баян­далған.
Нарық екі өкпеден қысқан қиын кезеңде астананы ауыстыруға жү­рексінеді. Бірақ бәрібір Елбасы Алатау­дың баурайынан арқаға қоныс аударуды бейресми жағдайларда күн тәртібіне қоя береді. Сондай кезде депутаттар тарапынан Президенттің туған күні қар­саңында қолдау білдіріліп, шешім қабылданып кетеді. Міне, Елбасы дәл осы сәттен бастап күн-түн демей, аста­наны көшіруге жұмыс істейді. Нәти­же­сінде әлем көз тіккен Астанаға ай­налады!
Актерлердің пластикасы және сөй­леу мәнерімен де тығыз жұмыс істелгені көрініп тұр. Бұл жолы Н.Назарбаевты театр және кино актері Мұрат Ахманов сомдады. Сонымен қатар фильмде Азат Сейтметов, Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанбаев бастаған кино майтал­мандары бой көрсетті.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясы ең алғаш 2011 жылы шыққан «Балалық шағым­ның аспаны» фильмінен бастал­ған еді. Кейін ол «Отты өзен», «Темір тау», «Тығырықтан жол тапқан» фильм­­­­дерімен жалғасын тапты. Оларда Назарбаевтың балалық, жасөспірім, жастық шағы, саясаткер ретінде қа­лыптасу жолы баяндалса, одан кейінгі түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ КСР министрлер кеңесі төраға­лығына тағайындалған сәтінен бас­тап, тәуелсіз Қазақстанды қалып­тастыру жолындағы алғашқы қа­дамдарын, бірінші президенттік сай­лауды қам­тиды.
Көпшілікке ұсынылған бұл фильм­де Мемлекет басшысының елор­даны Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешімі, тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рын­дағы маңызды оқиғалар көрініс та­бады. Бұл фильмдер тек Н. Назарбаевтың жеке өмір жолынан ғана сыр шертіп қоймайды, ел тарихынан мол мағлұмат береді.

Гүлжан РАХМАН

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Мержан 7 Желтоқсан, 2018 at 13:07 Жауап

    работы Акана Сатаева всегда на высоте. Очень радует что в нашей стране есть ткой профессиональный режисер, который двигает казахфильм

  2. Самат 7 Желтоқсан, 2018 at 13:07 Жауап

    Очень правильно описывать историю независимости нашей страны путем создания таких вот фильмов.

  3. Айдар 7 Желтоқсан, 2018 at 13:09 Жауап

    Супер. Хотел бы тоже посмотреть этот фильм. Фильмы до этого вполне были интересны, спасибо также Нурлану алимжанову. К новому актеру надо будет привкнуть

  4. Сакен 7 Желтоқсан, 2018 at 13:10 Жауап

    Вообще отрасль создания фильмов в нашей стране стремительно растет с каждым годом. Молодцы казахфильм

  5. Мурат 7 Желтоқсан, 2018 at 13:10 Жауап

    Енді Ақан сатаев ағамыз түсірген жаман киноны көрмеппін. Енді бұл кезекті фильмді көруге асығамын.

  6. Абылай 7 Желтоқсан, 2018 at 13:12 Жауап

    Одан бұрынғы фильмдерді қызығып қарадым. Елабсының алдындағы жолдарды қарай өткенін көрдік

  7. Даурен 7 Желтоқсан, 2018 at 13:13 Жауап

    Кинотеатрларда көрсетедіме екен? Жастарымыз елііздің тарихын осындай көркем фильмдер арқылы тез қабылдайды

  8. Тимур 7 Желтоқсан, 2018 at 13:15 Жауап

    Жас қаламыз, бас қаламыз Астананың елордасы болғаны туралы бұл фильм әсерлі деп есептеймін. Көру керек.

Пікір жазу


*