ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ – ЕРТЕҢНІҢ ЕНШІСІ

137
10
Бөлісу:

«Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездескен Елбасы: «Ертең – Қазақстан ел болып өзінің Тұңғыш Президентін сайлаған күн. Ол күнді біздің Парламент мереке күні деп тағайындады. Мәселе біреудің аты-жөнінде емес, ол күні мен сай­ландым. Бірақ ол қазақ қазақ бол­ғалы, ел болғалы тұңғыш рет тарихында өзінің ойымен, өзінің пікірі­мен өз Президентін сайлаған ең тұңғыш қуанышты күні болатын», – деді.

Жалпы желтоқсан тегін ай емес. Бұл айда азаттыққа талпынған Желтоқсан оқиғасы бол­ды. Тәуелсіз қазақ тарихында орны бөлек талай оқиға өтті: Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жыл­ғы 10 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өз тәуелсіздігін төрткүл дүниеге жария етті. Мемлекет басшысы: «Біздің еліміз тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлауда өз басшысын сайлады. Сол кезде
90 пайыз­дан астам маған көрсеткен сенімнің арқа­сында 15 күннен кейін Тәуелсіздікті жария­ладым. Халықтың сеніміне сүйендім, халықтың сенімі күш-қуат берді. Содан бері біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ешкім таны­майтын қазақты бүкіл әлем таныды», – деп мәлімдеген еді.
Бұл – Қазақстан халқының тарихи таңдауы. Сайлауға қатысқандардың 98,78 пайызы жақтап дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретіндегі сенімін Елбасыға жүктеді. 2015 жылғы 26 сәуір­дегі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинап, қайта сайланды.
Кез келген саясаткер үшін халықтың сенімі мен қолдауына ие болу – басты арман. 1 жел­тоқсан – Тәуелсіздіктің ақ парағы ашылған күн. Сол күннен бастап басқару ісіне үлкен өзгеріс енді, республикамыз президенттік институтқа көшті. «Екі тізгін, бір шылбыр» нағыз мем­лекетшіл тұлғаның қолына тиді. Одан жаман болған жоқпыз. Тұңғыш Президент ел өмірінің ең күрделі шағында тікелей бастама жасай алды. Парламент тараған кездерде заң шығару мүм­кіндігіне ие болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саяса­тының арқасында тәуелсіздіктің тұғыры нық бекіді. Мемлекетіміз әлемдік деңгейде жалпақ жұртқа танылды. Экономикалық және әлеу­меттік реформалар жедел жүргізілді. Өш­кеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей: ел тарихы, тіл, дін және діл тұрғысындағы сан алуан шаруаның басы қайырылды. Қазақстан әлемдік қауым­дастықтың ең белсенді мү­шесіне айналды. Мұның барлығы да – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Елбасымыздың еңселі еңбегінің, қажымас қайратының жемісі. Жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясат арқасында еліміз күн сайын ілгерілеу мен жыл сайын өркендеу жолымен жүріп келе жатыр.
Елбасы: «Барлық істеп жатқан шаруаның 27 жылдың ішіндегі тәуелсіздікті нығайту үшін, мемлекетімізді дүниежүзіне паш ету үшін істеген жұмысымыздың барлығы – Отанды қорғау. Егер де тәуелсіздігімізді, бүгінде әлемге белгілі болған Қазақстанымызды, көк бай­рағымызды қорғай алмасақ, істеген шаруаның барлығы бекер болады», – дейді. «Ол туды жо­ғары ұстау, ол туды қисайтпау – барлығымыздың парызымыз. Отанымызды қорғай алмасақ, шекарамыздың шебінде тұра алмасақ, еліміз өсіп-өркендемейді. Істеп жатқан шаруаның барлығы жастар үшін, болашақ үшін. Сендердің өмірлерің бізден де жақсы болсын деп, Қа­зақстанымыз болашақта бұдан да жоғары, бай болсын деп істеп жатқан шаруаларымыз бар», – деген сөздері қай қазақ­тың болсын қаперінде тұруы тиіс.
Жас ұрпақ қашанда тарихи тұлғаға еліктегісі, ұқсап баққысы келеді. Мемлекет басшысының өнегелі өмір жолын үлгі тұтып, азаматтық ұстанымын қабыл алған мың сан жас ұрпақ бар. Елдіктің, мемлекеттіліктің ертеңгі иесі – солар.

Нұртөре ЖҮСІП 

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Тимур 7 Желтоқсан, 2018 at 10:49 Жауап

    Правильное детско-юношеское движение. Я думаю именно здесь должны зарождаться юные патриоты своей страны.

  2. Мурат 7 Желтоқсан, 2018 at 10:49 Жауап

    Да в школах военно-патриотическое воспитание начинается лишь с 10 класса. А что делать детям до этого времени?

  3. Айдар 7 Желтоқсан, 2018 at 10:51 Жауап

    Жас сарбаз. Атауының өзі мықты. Жергілікті батырларымыздың атынан да жасауға болады мысалыға.

  4. Сакен 7 Желтоқсан, 2018 at 10:53 Жауап

    Очень хорошо для дальних аулов в которых учебная программа только до 9 класса. Есть над чем работать.

  5. Тимур 7 Желтоқсан, 2018 at 10:54 Жауап

    Это же было как раз таки в обращении главы государства к народу Казахстана. Радует такая оперативная работа.

  6. Мурат 7 Желтоқсан, 2018 at 10:54 Жауап

    Міне осы үшін де елбасының халыққа деген жолдауы жыл сонында болды. Енді біз жаңа жылға толықтай дайын боламыз.

  7. Абылай 7 Желтоқсан, 2018 at 10:55 Жауап

    Желтоқсаннан осы балалар қозғалысы бағытын дұрыс аылп алса, келесі жылы жақсылап жұмыс бастайтын.

  8. Даурен 7 Желтоқсан, 2018 at 10:58 Жауап

    Балалрымыздың тәрбиесі әрине бірінші орында. Мектептен білімімен қатар адамдық қасиеттерді сініріп алу басты мақсат.

  9. Әлібек 7 Желтоқсан, 2018 at 10:59 Жауап

    Атауы да керемет екен. Мақсаттары да айқын. Өзім өз ұрпақтарым үшін қуаныштымын. Бастысы жұмысы сапалы болса болғаны.

Пікір жазу


*