Тарихты түгендеуге қосқан үлесі көп

307
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – маңызды ме­реке. Осы мереке барша қазақстан­дық­қа құтты болсын! Мерекенің тарихи маңызы айрықша дер едім. 1994 жылдың 1 жел­тоқсанында тәуелсіз қазақ елі алғаш рет Тұңғыш Президентін сайлады. 2012 жылдан бастап атаулы күн мереке ретінде ресми бекітілді. Бұл – тарихи сәт.
Елбасы Қазақстанды дамыған мем­лекеттердің қатарына қосуға батыл қа­дамдар жасады. Халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға арналған Жолдаулар, «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ла­сының орны бөлек. Тарихымызды тү­ген­деу, ұлттық санамызды қалпына кел­тіру, төл өнерімізді дамытуға жол ашады.
Дамыған ел төл тарихын ұлықтайды. Өткенді құрметтеп, өркендеуге батыл қадам жасайды. Ұлы даланың терең сы­рын ұғындыруда аң стилі, қолөнер, тасқа қашалып жазылған таңбалы суреттердің сырын зерттеу, тарихи жәдігерлерді дәріптеуге ерекше тоқталып өтті. Қазақ халқының тұрмысына қатысты көне дәстүрлерді жаңғыртуға қатысты баста­масы да айрықша. Тарихи мұраларымызды зерттеп қарасақ, адамзат дамуының өрке­ниетіне орасан зор үлес қосқанын бағам­даймыз. Қазақстанда киелі жердің көп екенін жалпылама білгенімізбен, олардың нақты қай аумақта орналасқанын жете білмейтіміз ақиқат. Сондықтан рухани мұралардың құндылығын қастерлеуге арналған бағдарламалардың қабылдануы, жүйелі жұмыстар жүргізілгені керек.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы да мә­­­­дени, тарихи құндылықтарымызды тү­­ген­­деп, дамытуда маңызды қадам бол­ды. Осы арқылы тәуелсіз еліміздің ірге­та­сын бе­рік етіп, келешекке сеніммен қадам ба­са­­мыз. Тәуелсіз қазақ елінің да­муына, өр­­­кен­деуінде Елбасының қосқан үлесі зор.


Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
жазушы, қоғам қайраткері,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*