Берекенің бастауы

407
0
Бөлісу:

1 желтоқсан – ұлттың ұлық мерекесі. Қазір барша қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін айрықша атап өтеді. Елбасының ұлт дамуы жолындағы атқарған істері – елдің көз алдында. Бүгінде Қазақстан Мемлекет басшысы арқасында әлемге танылды. Сарабдал саясаткерге айналды. Қазақстанның көреген басшысын әлем халқы құрметтейді, бейбітсүйгіш президент ретінде бағалайды.
Мемлекет басшысы жақында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жа­риялады. Бұл мақаланы «Рухани жаң­ғы­рудың» жалғасы десек болады. Сонымен бірге, талдау, оған нақты қадамдар мен жос­парлар жасалды. Мұның түкпірінде та­ри­хымызды зерделеу жатыр. Өткен күні­мізді,салт-дәстүрімізді қайтадан шығарып, насихаттауды мақсат етіп отыр. Шығар­маларда көрініс таппаған талай батыр бабаларымыз, хандар, абыздар сынды өзге де тұлғаларымызды таныту керек. Мұның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Мақалада айтылған тағы бір жайт – атқа міну мәдениеті. Осы бағыт бізге үлкен серпіліс береді деп ойлаймын. Өйткені жылқы малын еліміз қастерлеген. Жеті қазына­мыздың бірі деп санаған. Осыған баса мән бергені қуантты.
Қазақстан десе, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қатар аталатыны дау­сыз. ХХІ ғасыр – қазақтың алтын ғасы­рына айналуы тиіс десек, осы жолда Елба­сы­ның атқарған қызметі ұшан-теңіз, өлшеусіз.

Бақтияр МӘКЕН,
Мәжіліс депутаты,
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*