Ел мен Елбасы – егіз ұғым

330
0
Бөлісу:

1 желтоқсан – Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президенті күнін бүгін­­де жалпы халық болып мерекелеу үр­дісі қалыптасты, Елбасының елге сіңір­ген өл­шеу­сіз еңбегінің жарқын көрінісі ретінде ор­­нықты. Бұл – тәуелсіз Қазақ­стан тари­хын­­дағы айтулы күн. Прези­ден­тіміз Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың көшбас­шылық ерек қа­сиеті елімізді үлкен белес­терге бастап келеді.
Елбасы жуырда жасаған «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолда­уында халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ба­ғыт­талған қадамдарды айқындаса, іле-шала жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында барша же­тістік­теріміздің мығым іргетасы болған тарихи және басқа да құндылық­та­рымызды қастерлеу, зерттеп-зерделеу, болашаққа көздің қарашығындай сақтап жеткізудегі нақты бағыттарымызды белгілеп берді.
Кешегі тауқымет көрген, тағдыр тал­қысына түскен қазақ елінің бүгінгі тәуел­сіздік кезеңінде жеткен жетіс­тіктерінің әрқайсысында Мемлекет басшысының қолтаңбасы айқын. Тұрмыс түзеліп, тір­шілік арнасын тапқанда адам баласы ру­хани түлеу, түп-тамырына үңілу, өт­кен­ге көз жіберіп, болашаққа бағдар жасауды ойлайды. Дәл сондай ретпен біз де үлкен жаңашыл бастамалардың атқарылуына құлшы­ныспен кірісіп жатырмыз.

Айдар БАШБАЕВ,
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы,
«Нұр Отан» партия­сы­ның мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*