Ынтымақ барда ырыс бар

352
0
Бөлісу:

Петропавл қаласында жұмыс істейтін «Радуга» ЖШС азық-түлік, пластмасса өнім­дері, үй тазалығына қажетті тауарлар өнді­румен және жеткізумен айналысады. Бүкіл Қазақстан бойынша 1,5 мың қыз­мет­ке­ріміз бар. 2016 жылы біздің кәсіп­орын аума­­ғында «Нұр Отан» партия­сы­ның бас­тапқы ұйымы құрылды. Қазір оған 80-ге жуық азамат мүше. Біз партия өт­кізетін бар­­лық шараға белсенді қаты­самыз, бағдар­ла­малық құжаттарды дайындауға атсалысамыз.
Менің ойымша, мемлекеттік қолдау­сыз кәсіпкерліктің дамуы екіталай. Сон­дықтан мемлекет пен бизнес өзара ынты­мақтастық құрып, бірлесе жұмыс істеуі керек. Айталық, бір кәсіпорынның жұ­мысын жолға қою қыруар қаржыны талап етеді. Ондай көп көлемдегі ақшаны тек екінші деңгейлі банктерден алуға болады. Бірақ онда пайыз тым жоғары болған­дық­тын, бұл бизнес бастағысы келетіндерге тиімсіз. Ал мемлекет банк­тердің пайызын субсидиялап, кәсіп­керлерге қолдау көр­сетіп отыр. Осы тұста мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан «қа­рапайым заттар экономи­касына» назар аударғым келеді. Кәсіпкер қазіргі таңда өзекті, халыққа қажет тауарларды өндіруге бет бұрғаны жөн.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында елдегі барлық кәсіпорынды модернизациядан өткізу басталды. Барлық бизнес процесс авто­маттандырылып, жаңа құрылғылар мен жабдықтар қолданысқа енгізіліп жатыр. Қазір техникалық мамандық иелерінің тапшылығы айрықша сезіледі. Бізде жаңа құрылғылар­мен жұмыс істейтін маман аз. Мемле­кет бұл мәселені шешуге көңіл бөліп, техникалық ма­мандарды дайын­дауға ба­сымдық беріліп отыр.

Максим Большедворов,
«Радуга» ЖШС директорының орынбасары,
«Нұр Отан» партия­сы­ның мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*