Жаһандық ізгіліктер модераторы

147
1
Бөлісу:

– Қазақстандық даму моделі­нің маңызды бір құрауышы – Ел­ба­сының рөлі. Тәуелсіздік жыл­да­рында қазақ елі жеткен жетіс­тіктер шынында ғаламат, мұны ірге­дегі ел ретінде біз жақсы бай­қаймыз. Оның үстіне мемле­кет­­теріңіз көте­рілген биіктерді бүкіл әлем мо­йын­дап жатыр. Олар­дың барлығы ұлт Көш­бас­шысының, Қазақстанның Тұң­ғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан На­зар­баевтың есімі­мен тығыз бай­ланысты екенін де халық­ара­лық қауымдастық танып, білді.
Елбасы қазақтың мемле­кет­ті­лігін ғана емес, сондай-ақ патша­лық отар­лау кесірінен және ке­ңес­тік тотали­тарлық режимнің қан­ды құрсауында жойылудың алдында тұрған қазақ ұлтын қайта түлетті.
Осыған байланысты тәуелсіз Қа­зақстанның негізін қалаушы ретінде Елбасының тарихи рөлін теорети­ка­лық бағамдау ерекше өзектілікке ие деп санаймын. Н.Назарбаев жа­һан­дық ірі идея­лардың генераторы, қоғам мен мемлекет үшін аса маңыз­ды әрі күр­делі үдерістердің моде­раторы болып табылады.
Азаттық алғалы бергі Қазақ­стан­ның барлық басты страте­гия­лық ше­шімдері Нұрсұлтан На­зар­баевтың бастамашылы­ғымен және тікелей қатысуымен жүзеге асып жатыр. Сондықтан оларды Елба­сыдан бөле-жара қарай алмаймыз.
Айта кету керек, Қазақстанда президенттік билік тарихтың өзі жүк­теген миссия мен мұратты та­маша жүзеге асырып келеді. Ширек ғасырдан астам уақыттан бері пре­зиденттік институт қазақ­тың мемле­кеттілігі мен Тәуел­сіздігінің ұстыны, сондай-ақ елдегі кешенді рефор­малардың сенімді тіреуі қызметін атқаруда.
Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті жүйелі жаңғыруларды, са­налы әрі сарабдал бірізділікті, бетбұрыс­тардың ізгілікті-гу­ма­нис­тік бағдарын өзі қамтамасыз етуде.
Жалпы, кез келген жас мем­ле­кеттің тағдыры оның лидері қол­ға алған реформалар мен жаңа­рулар­дың табысқа жету не жет­пеуіне төтенше тәуелді болады. Нұрсұлтан Назар­баев­тың басты реформала­рының бірі де­мократия институтын дамыту болды. Бұл ретте заманауи қазақстандық парламентаризмнің іргесін қалаудағы Елбасының рөлі ерекше. Оның конс­титуциялық ре­формалар бойынша тарихи қадам­дары мен байсалды саясаты арқа­сын­да елде дамыған, жоғарғы демо­кратиялық стандарттарға жауап бе­ретін заманауи парла­мен­таризм жү­йесі қалыптасты. Бүгінде қазақ­стандық Парламент мемлекет пен қоғамның орнықты өркендеу мақ­саттарына сүбелі үлесін қосуда.
Н.Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қаты­настарды жолға қоюдағы және дамы­тудағы рөлі де баға жетпес. Аумалы-төкпелі мына әлемде ба­уырлас қос елдің ынтымағын арт­ты­рып, ырыс­та­рымызды молай­туға, тізе қоса бірге ілгерілеуге ба­ғытталған оның күш-жігерін өзбек халқы әрдайым ардақ тұтады.
Біз Нұрсұлтан Әбішұлының ұлттық қана емес, орталықазиялық мүдделерге адалдығы, оларды қол­даудағы біріз­ділігі, табандылығы мен саяси парасат­тылығы секілді жеке қасиеттерін жоғары баға­лаймыз.
Тәуелсіздік алғалы бері біздің мем­лекеттеріміздің басшылары ара­сында жылы достық қарым-қатынас орнады, бұл бауырлас қос халықтың ықпалдас­тығына игі әсер етті. Кейінгі екі жыл ішінде елдеріміз арасындағы жоғарғы деңгейдегі бай­ланыс­тар­дың жандануы, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы мен Шавкат Миромонович арасындағы достық пейіл мен сенімге құрылған қатынастар қуан­тады. Бұл біздің ынтымақтас­тығы­мыздың бар­лық са­лаларына, со­ның ішінде парла­мен­таралық ықпал­дастыққа серпін беру­де. Мә­селен, күні кеше Мәжіліс төр­ағасы Нұрлан Нығматулин екеуіміз Қазақстан-Өз­бекстан пар­ламент­аралық байла­ныстарының жаңа кезе­ңін ашатын тарихи құжатқа – Ынты­мақтастық туралы меморан­думға қол қойдық.
Біз, өзбекстандықтар Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен үлкен ықы­­ласпен танысып шықтық. Өйт­­кені онда айтылған, қазақ хал­қы­­ның адамзат өркениетіндегі және жа­һандық та­рих­тағы айрық­ша рөлін айшықтайтын құндылық­тар біздің бәріміздің ортақ мұрамыз саналады. Ол мақала «Рухани жаң­ғыру» стра­тегиясымен бір­лесіп, Ұлы даланың өткенімен рухта­ну­дың, жарқын болашаққа те­геу­рінді ұмты­лыс­тың терең байыпталған тұжырым­дамасын түзіп отыр.
Біз үшін Н.Назарбаев – зама­науи ұлы реформатор, жаһандық деңгей­дегі саяси лидер.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын мәртебелі мерекемен құттықтай отырып, мем­лекеттеріміздің іргесі аман, же­рі бүтін, экономикасы озық, ке­ле­шегіміз кемел болуын тілеймін.

Нурдинжон Исмоилов,
Өзбекстанның Олий Мәжілісі
заң шығару палатасының спикері

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*