Ең басты бітімгер

146
3
Бөлісу:

– Бүгінде біздің ел – Қазақ­станның стратегиялық серіктес­терінің және басты инвесторларының бірі. Негізі, Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық тари­хының бастауы да Тұңғыш Прези­денттеріңіз Нұр­сұл­тан Назарбаев атымен тығыз байла­нысты екенін атап өткім келеді. Себе­бі, Астана мен Рим арасындағы достық Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде туды. Ал Азаттық пен Елбасы атаулары сіз­дерде қатар айтылатын егіз ұғымдар саналады.
Италия өткен ғасырдың тоқ­са­нын­шы жылдарында қазақ елі­нің жаңа, тәуелсіз мәртебесін мо­­йын­даған алғаш­қы елдердің бірі болды.
Елдеріңіздің, әсіресе, жас елорда­ларыңыз – Астананың абаттану, ажар­лану, даму қарқынына сүйсіне қарай­мын. Мемлекеттің жаңа бас қаласын тұрғызу және лайықты астанаға ай­налдыру – нағыз лидердің қолынан ғана келетін іс.
Бұл сонымен бірге көшбасшының орасан зор саяси ерік-жігерінің және бүкіл елдің әлеуеті мен қуатының шынайы демонстрациясы!
Өз болашағына сенімді болмаған, еңсесі езілген, жігері жасыған, бірлігі мен тұрақтылығынан айырылған ел мұндай қадамға бара алмайды.
Демек, қазақ елінің бұл үлгісі әлемдегі көптеген мемлекет­терге өнеге, тағылым.
Италия сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың бітім­гер­шілік миссиясы мен рөлін жоғары баға­лайды. Өйткені ол тек өз халқын ғана емес, бү­кіл адамзатты соғыс пен теке­ті­рестен ада, ба­қуатты болашаққа жақындату үшін күш салып жүр.
Н.Назарбаев бұл жолда Семей полигонын жабу, әлемдегі ауқымы жөнінен төртінші саналған ядролық арсеналдан бас тарту секілді өзіне дейін ешбір лидердің ізі түспеген бағыттармен жүріп отырып, осы биігіне көтерілді.
Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің жаппай қырып-жою қару­ларын таратпау және ядролық қа­ру­дан азат әлем құру жолындағы жа­һандық бастамалары мен оларды іл­герілетудегі күш-жігері қазіргі кез­де Қа­зақ­станды заманауи әлем­дік аренадағы ең бас­­ты бітімгер етуде.

Этторе Розато,
Италия Парламентінің Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары

Бөлісу:

3 пікір жазылған

Пікір жазу


*