БАС ҚОЛБАСШЫ

202
13
Бөлісу:

Ғасырлар бойы отаршы­лық­тың құрбаны болып езіліп жан­шыл­ған, әрқилы зұлматты бастан кешкен қазақ халқы азат болды. Қазақтың ұлттық мем­лекеті тә­уелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Егеменді ел болу – ата-бабалары­мыз­дың аңсаған асыл арманы еді. Арман орын­далды, еліміз тәуелсіздікке қол жет­кізді. Тәуелсіздік бізге ешқандай төң­керіс, қантөгіспен жасалған революция емес, заңды сайланған басшылардың шешімі мен келісімі арқылы келді.

Азат ел болған күннен бастап алға қой­­ған мақсат-тәуелсіздігімізді, мемле­ке­ті­мізді қорғау болды. Яғни, Отанымыздың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету үшін Қарулы Күштер қа­жеттілігі айқындала түсті. Ұлттық қа­уіп­сіздікке, оның ішінде әскери қауіп­сіздікке Елбасы Н.Назарбаев үлкен мән берді.
1991 жылы қазан айында Президент Жар­­лығымен «Қазақстан Республика­сы­ның Мемлекеттік Қорғаныс комитеті» құрылды.
Ал 1992 жылдың наурыз айында Пре­­­зидент әкімшілігі мен Министрлер кеңесі жанында Қорғаныс пен Қарулы Күштерге байланысты көптеген құжаттар дайындап заңды бастамаларға ұйытқы болды.
Кеңес Одағы тарқаған соң достастық елдерінің бірлескен Қарулы Күштері болсын деген пікірлер де айтылып жүрді. Бірақ айналамызда болып жатқан оқи­ғаларды зерттей отырып, 1992 жылы сәуір айының 8 жұлдызында Елбасы өткізген отырыста «өз әскеріміз құрылсын» деген шешім қабылданды.
Бұл шешім сол жылдың 7 мамырдағы Президенттің «Қазақстан Республика­сы­ның Қарулы Күштерін құру туралы» Жар­лығымен бекітілді. Осы Жарлыққа сай елі­­міздің аумағындағы барлық әске­ри құ­­ры­­лым Қазақстан Респуб­лика­сының юрис­­дикциясына алынды. Бұл еліміздің Қа­­рулы Күштерінің құры­луының басы болды.
Одан кейін істі жүргізу, Отан тәуел­сіздігін сақтау үшін біраз заңдар мен құ­қықтық құжаттар дайындалды. Ол заңдар: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері», «Жал­пы әскери міндет пен әскери қызмет, әскери қыз­меткерлердің статусы және әлеуметтік қорғау», «Қазақстан шекара әскері және мемлекеттік шекара туралы» деп аталады.
Қарулы Күштердің алдында тұрған сол міндеттер 2000 жылы қабылданған Әскери доктринада жан-жақты талқы­ланып көрсетілді. Мұндай құжатпен халықтың ашық түрде танысуы тарихта бірінші рет жүйелі түрде өтті. Сол бойынша жұмыстар жүргізілуде ішкі-сыртқы жағдайларға қарай, әскери округтер құрылды. Бұл – елдігі­міз­дің шынайы белгісі еді.
Біздің басты құнды­лығымыз – тәуел­сіздік. Оның тамырын тереңге жіберіп мәңгі сақтау – бүгінгі біздің де, келешек ұрпақтың да басты міндеті.
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ты­ным таппастан, кірпік қақ­пастан, бел ше­шіп босаңсы­май, жазира ұлы дала­мыз­­ды, тіпті әрбір сай-сала, қай­­­­нар бұ­лақ­тары мен қатпар тас­тарына дейін қыз­ғыш­тай қор­ғап, бізге жеткізді. Оны қорғауды бізге аманат етті.
Қазақ елінің тағдыр-тарихын, қым-қуыт азабы мен тозағын тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын, сол бір ұлылар рухында одан ары жаңартып, тіпті десеңіз, жалғастырып әкетуге, ер мінез, көзсіз батыр, қазақ намысынан жаралған хас қаһарман ер, яғни Елбасы керек болды. Біз осындай тұлғаны жаңылмай дөп басып, таңдап, тағдырымызды қо­лына бергеніміз күні кеше сияқты.
1990 жылғы 24 сәуірде әлі де КСРО құрамында болған елімізде алғаш рет президенттік институт енгізіліп, сол күні республика Жоғарғы кеңесі Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті етіп Н.Назар­баевты сайлады. Қазақстан атты алып кеменің тізгінің қолға алған Президент оны су асты жартастары мен дүниені са­пырылыстырған дауылға ұрындыр­мастан дербес айдынына алып шығып, қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған Еге­мендік пен Тәуелсіздік шамшырақ­тарына қол жеткізді.
Әрине, бұл тіпті де жеңіл болған жоқ. Осы жылдар ішінде беймәлім мемлекет қалпымыздан дүниенің төрт бұрышына жаппай танылуымыз да, шаруашылы­ғы­мызды қайтадан қаз бастырып, алып елдің еңсесін көтеруіміз де өткенімізді саралап, өн бойымызда ұлы рухымызды сілкін­діруіміз де болды.
Ең бастысы, бұл жылдар халықтың Елбасына деген сенімін нықтады. Бүгінде барша қазақстандықтар ертеңгі күнге де­ген үмітін осы есіммен байланыс­тырады.
Қазақстан қоғамының барлық күшін республиканың басына түскен экономи­калық және әлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында, елдің күллі халқының сенім мандатын алу, бастаған реформаларды жедел әрі табанды жал­ғастыру үшін Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан Президентін жалпы халықтық сайлау өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады.
1991 жылғы 16 қазанда Мемлекет бас­шысы Қазақ ССР, Президентін сайлау туралы заңға қол қойды. Нақ осы күзде Қазақстан Магниткасының металлургтері Н.Назарбаевты елдегі тұңғыш жалпы ха­лықтық сайлауда президенттікке кандидат етіп ұсынды.
1991 жылғы 1 желтоқсанда шиеленісті сайлау алдындағы күрес нәтижелері қорытындылағаннан кейін Н.Назарбаев дауыс беруге қатысқан қазақстан­дық­тар­дың 98 пайызынан астамының қолдауын алып, бүкіл халық сайлаған Тұңғыш Пре­зидент болды. Бұл – бүкіл халқымыздың көрегендігі еді.
Елбасы болып сайланған Н.Назарбаев сол жылғы 10 желтоқсанда Қазақ мемле­кетінің Тұңғыш Президенті мәртебесінде іске кіріскен бетте бірден қолға алғаны халқымыздың атынан «Қазақ ұлтшыл­ды­ғы» деген жасанды жапсырманы сы­пырып алып тастап, оның есесіне халық атау­лының арымен абройының қайнар көзі, түп төркіні – ұлттық намысқа тың мағына дарытты. Бостандықтың да, тәуелсіздіктің де алғашқы қадамы осы болатын.
1992 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» конституциялық заң қа­был­данды. Осыдан екі жарым ай өт­кенде (02.03.1993 ж.) Елбасымыз Нью-Йоркте Бі­ріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблея­сының биік мінбесінде тұрып, өзінің туған елін, осынау аса мәртебелі халықаралық ұйымға мүше етіп, бір­ауыздан енгізді.
Қазақстан осы күннен бастан жер жү­зіндегі жүзден астам мемлекет түгел та­­ны­ған егемен ел болды. Бұл қазақ тари­хын­да бұрып-сонды болып көрмеген ора­сан зор оқиға, кереметтей келелі мета­мор­фоза еді.
Елбасы өз ісінде өмір ағымын бағдар­лай білетін, ойы кең, көзқарасы зерек ұлы тұлға. Өмір болған соң кемшілік те, же­тістік те, реніш пен қуаныш та бола­тыны табиғи заңдылық. Еліміздің қуа­ны­шын қолпаштап, ренішін білдірмей жөнге келтіруде Елбасы асқан шебер-ұстаз.
Елбасы Н.Назарбаевтың баста­ма­сы­мен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзі­лік – тарихи маңызы бар көптеген іс атқы­рылды: соның бірі 1991 жылдың 29 та­мы­зында 40 жылдан астам уақыт бойы адам­зат басына от бүркіп, апат қаупін төн­діріп келген Семей ядролық сынақ по­лигонының мәңгіге тұншықтырылуы еді.
Қенес Одағынан Қазақстанға «мұра» болып жойқын күш – ядролық қару қалған еді. Олардың ішінде 1 400 ядролық оқ дәрісімен СС-18 аталатын 104 ракета, 240 қанатты ядролық ракета қондырыл­ған ТУ-95 40 стратегиялық бомбы­лау­шыла­ры бар болатын. Әлемдік саясаттың тізгінін ұстағысы келетін кейбір мем­лекеттер мен саясаткерлер үшін осын­шама ядролық әлеуетке ие болу – күндіз естен, түнде түстен шықпайтын арман десе болғандай.
Туған елінің тыныштығын, адамзат­тың қауіпсіздігін ту еткен Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев 1994 жылы АҚШ-тың, Ресейдің, Франция билеуші­лерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға келісті.
Бұл – біз үшін өте қымбат келісім еді. «Өйткені ядролық державалар – АҚШ, Англия, Ресей, Қытай, Франция, Қазақ­станның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгер­мей­тініне құрметін білдірді». Қазақстанның тәуел­сіздігіне, территориялық біртұтас­тығына қарсы күш қолданбауға міндет­тенді. Қа­зақстанға экономикалық қысым көр­сетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жы­лы соң­ғы ядролық қару қазақ жері­нен әкетілді. Осылайша, адамзат тарихын­да тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.
Ол – Қазақстан.
Тәуелсіздіқтің 27 жылы ішінде Елба­­­­сы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тікелей әрі көреген басшылығымен мем­лекеттік, экономикалық, әлеуметтік, мә­дени құрылыстарды реформалау жүзеге асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін әлем мойындап отыр.
Елорданың Алматыдан Астанаға кө­шірілуі – тарихи оқиға. Елбасы әлемдік тәжірибені ой елегінен өткізіп, Қазақ­станнын сан ғасырлық тарихы мен тағ­дырын ескере отырып, оның геосаяси, территориялық, демографиялық ерекше­ліктерін назардан тыс қалдырмай, ұзақ­мерзімді басымдылықтарды анықтады, таяу болашақта алатын межелерді бел­гіледі. Ал жаңа Астана еліміздің болаша­ғының символына айналғанына ешкім күмәнданбайды. Санаулы жылдар ішінде Сарыарқаның дәл ортасында Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды. Есілдің сол жағалауында жаңа әкімшілік орталық бой көтерді.
Сөз жоқ, бұл дерек тәуелсіз Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ел басшысы ретіндегі ғажайып қажыр-қайраты мен ел ісіне бел шеше кіріскен, зор жауапкершілігін танытып қана қоймай, сонымен бірге тоталитарлық бұғаудан бо­санған елдің мемлекеттік басқару жүйе­сін­дегі, әсіресе, Президенттік институт аясын­да­ғы іс-қимылдардың қаншалықты сенім мен серпінге толы екенін де айқын аңғартады.
Егемен Қазақстанның өзіндік эконо­ми­калық және әлеуметтік саясатын жүр­гізуге ықпал еткен маңызды және стра­тегиялық факторлардың бірі, дер кезінде әзірленген ұлттық валюта-теңгенің енгі­зілуі болды. Ол бұрыңғы кеңестік кеңіс­тікте пайда болған валюталардың ең жақ­сысы және тұрақтысы деп мойын­далды. Тәуелсіз мемлекеттің қажетті ны­шаны болып та­бы­латын теңге елдің қаржы-ақша жүйесін жұ­мысшы жағдайға келтіруге, ақша айна­лы­мындағы қара­жат­тың жетіс­пеушілігі проб­лемасын ше­шуге ықпал етті: «Халық­ара­лық ва­люта қорына мүше болып қабылданды».


Отан тірегі Қарулы Күштер екені бел­гілі. Оның дамуына, қалыптасуына тек әс­ке­рилер ғана емес, Ата заңда атап көр­се­тіл­ген­дей, тәуелсіз елдің әрбір азаматы жауапты.
Әскер – әскер үшін емес, халық үшін қыз­мет етеді. Ал халық сол әскердің қол­дау­­­шы­сы ғана емес, сүйеніші де. Сүйеніші мық­тыға ешкім тіс батырып, күш көрсете алмайды.
Біздің әскерімізге негізінен Отаны­мыз­дың мемлекеттік шекарасын сұғанақ қолдардан сақтап-қорғау, аумақтың тұтастығын (территориямыздың), елдің егемендігін қорғау жүктелген. Ел қорғау халықтық міндет екенін конституцияның 36-бабында «Казақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» деп нақтыланған.
Отанымыздың тәуелсіздігін нығайту, егемендіктің сенімді сақшысы болу – «Мен – қазақпын», «Мен – қазақстан­дықпын» – деген әр азаматтың сана-се­зімі мен адалдығына сын. Егер осыны түсіне білсек, еліміздің келешегі жарқын, дүниеге келетін ұрпақ қайғы-мұңсыз өседі, өмір сүреді. Оның бәрі осы күнгі азаматтардың қолында десем, артық айтқандық емес.
Қазақстан айналасындағы шекаралас елдермен татулық – келісімге қол қо­йыл­ды. Жақында Каспий шекарасының про­бле­­ма­сы шешілді. Тоқетерін айт­қанда, елі­­міз­дің айналасында қауіпсіздік шеңбері бекітілді.
Тұңғыш Президенттіміз, Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев­тың беделінің, дипломатия шеберлігінің, көрегендігінің арқасында еліміздің қауіпсіздігі, тұтастығы, көрші елдермен бейбітшілік қарым-қатынасы анық­талып, заңды түрде бекітілді.
Әскери білім мен әскери кадрлар дайындау мәселесі туралы Елбасы – Қа­рулы Күштердің Жоғарғы Бас қол­басшысы Н.Назарбаев «Қарулы Күш­тердің кадр саясатының негізі, оның кезең-кезеңмен кәсібилендіруінде» деп атап көрсеткен еді.
Сол бағдарлы сөзді басшылыққа алып, әскери білім мен әскери кадрларды даяр­лау мәселелерін шешуді жетілдіруде біраз игі шаралар шешімін тапты.
Қарулы Күштердің әскери акаде­миясы құрылды. Кейіннен бұл академия Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасы атындағы Ұлтық қорғаныс университеті болып өзгерді. Ақтөбе қа­ла­сын­да Талғат Бигелдинов атындағы жо­ға­ры әскери ұшқыштар институты өмірге келді.
Кіші мамандар дайындау үшін Кадет корпусы ашылды. Болашақта әскери мамандықты қалайтын жасөспірімдерге де үлкен назар аударылуда. Алматы, Шым­кент, Қарағанды қалаларында оларға арналған арнайы мектеп-интер­наттары, Елордамыз Астанада «Жас Ұлан» мектебі бар. Бұл мектептер келе­шекте әскери ма­мандарды даярлаумен қатар, жетім, көп­балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек беру мақсатында құрылған.


Әскери доктрина талаптарына сай офи­­­церлік кадрларды дайындауды жетіл­ді­рудің бірден-бір бағыты – жаңа әскери оқу орындарын ашу. Радиоэлек­троника және байланыс әскери институты пайда болды.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Әлем­­дік тәжірибе көрсетіп отырғанын­дай по­ли­этникалық құрамнан тұра­тың ел­дер «төр­­теу түгел болса – төбедегі келеді» екен де, «алтау араз болса – ауыз­дағы кетеді» екен.
Тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келі­сім мен ынтымақтың тамаша үлгісі ор­нықты. Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қажырлы еңбегі арқа­сында әрбір этностың емін-еркін күн кешуіне, өз тілін, мәдениетін, салт-дәс­түрін, ұлттық ерекшеліктерін сақтап, да­мы­туына мүмкіншілік туды. Жүздеген ұлттық – мәдени орталықтар жұмыс іс­теп, газет-журналдар жарық көруде, та­рихи ота­нымен байланыс нығаюда. Қазақ­стан ха­лықтарының татулығы мен ынты­мағы елі­міздің халықаралық абыройын арт­тырып, оған деген сеніміне қуат беріп отырғаны сөзсіз.
Демократия мен реформаларды шың­дай түсетін жасампаз тарихи сана қалып­тасты. Осының бәрінің тұғыры болып табылатын және болашаққа сеніммен қарататын қоғамдық ауызбірлік одан ары күшейе түсуде.
Өткен тәуелсіздік жылдары қазақстан­дықтар үшін ізденіс пен ұмтылас, сенім мен жарасым жылдары болды. Алдағы өмір жолының бұдан да мазмұнды, бұдан да үйлесімді болатынына халық сенімі мол.
Елбасы Президентіміз – Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаев әскери қыз­метшілермен кездесулерде, «берілген бағыттан ауытқымай, бес қаруың сай болсын» деген кеңес береді, яғни «Отан­ды қорғауға әрқашан дайын, жауынгерлік әзірлікте қабілетті бол» деген сөз.
Мемлекет басшысы әртүрлі шешім­дерге бейімделе білу керегін және ұлттық мүдделерге зиян келтіруі мүмкін қатерлерді барынша қысқа режимде анықтай білу қажетін атап өтті.
Уақыт әлеуметтік қарым-қатынас­тарға бейімделуді және оларды қарқынды түрде виртуалдандыруды талап етеді. «Араб көктемі» сияқты және басқа да теріс әсер ететін тренд бүкіл дүние­жүзіне тез таралу және санаулы сағатта ахуалды тұрақсыз­дандыру мүмкіндігіне ие. Мұн­дайға тек тарих толқынын өзгер­туге қа­білетті таң­дау­лы адам ғана төтеп бере алады. Бұл жағ­­дайда Елбасы – Пре­зидент Н.На­зар­баев көптеген елдің көшбас­шы­лары үшін теңдесі жоқ үлгі болып табылады.
Елбасы – табысты мемлекет бас­шы­сының, барлық қасиеті бойынан табыла­тын дүниежүзілік масштабта танылған Көш­басшы, қазіргі заманның көрнекті сая­саткері. Көп жағдайда оның рефор­малық қызметінің және халық­аралық бастамаларының арқасында бүкіл әлем Қазақстанды және өмірге ауқымды және инновациялық көзқарасы бар, өз Отаны­на деген сүйіспеншілігі зор адам ретінде оның Көшбасшысын біледі және құрметтейді.
Біз үшін Мемлекет басшысы – ха­лықтар бірлігінің, мемлекеттік биліктің және негізі берік конституцияның сим­волы және кепілі.
Бұл күні Қарулы Күштер Елбасы, Тұңғыш Президенттің – Қарулы Күш­­­­тер Жоғарғы Бас қолбасшының қа­зіргі заманғы Қазақстан Республи­касы­ның Қарулы Күштерін құрудың алғашқы және кейінгі жылдары қабылдаған шешімдеріне адал болуды және олардың тарихи ма­ңызын жете түсінуде. Бұл – Елбасы – Қа­рулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшы­сының зор үлесі. Ол Қа­зақстан Республи­касының егемендігі мен ұлттық қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету бірінші кезектегі басымдық екенін әрқашан атап өтеді.
Президент жеке басының үлгі – өне­гесімен офицерлер мен сарбаздар сана­сына армияның, жалпы елдің болашағына сенімділікті ұялата білген әскердің патриоттық рухын көтереді.

Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,
Халық Қаһарманы, Армия генералы

Бөлісу:

13 пікір жазылған

  1. Ахмет 9 Желтоқсан, 2018 at 00:38 Жауап

    Керемет мақала. Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдар бойынша, елбасымыздың жолы туралы жақсы деректер алуға болады.

  2. Самат 9 Желтоқсан, 2018 at 00:38 Жауап

    Расыменде жақсы ақпарат алуға болады екен. Елімізде 27 жыл болсада қаншама сәттерді бастан кешірген

  3. Малик 9 Желтоқсан, 2018 at 00:38 Жауап

    Елбасы туралы киноэпопеяны қарап көп деректерді, осы ақпаратты қызықты форматта алуға болады.

  4. Айдар 9 Желтоқсан, 2018 at 00:39 Жауап

    Жастарға осыны айту керек, алдарына беру керек. Қандай еңбекпен Тәуелсіздігіміз алынып, қандай қадамдар болғанын бағалау керек.

  5. Сакен 9 Желтоқсан, 2018 at 00:39 Жауап

    Еліміздің Тәуелсіздігі жас болсада көп мәселені жүзеге асырған. Нөлден бастап елордамыз Астана жарық көрді.

  6. Мержан 9 Желтоқсан, 2018 at 00:40 Жауап

    Сейчас вот как раз начнется премьера фильма про становлении города Астана. Думаю интересно будет посмотреть.

  7. Малик 9 Желтоқсан, 2018 at 00:41 Жауап

    Хоть мы и молодая страна, но столько моментов уже прошел наш народ. Это дорогого стоит. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын

  8. Айдар 9 Желтоқсан, 2018 at 00:41 Жауап

    27 лет вроде всего лишь, а такие события прошли. Это большой труд наш президент проделал для народа.

  9. Сакен 9 Желтоқсан, 2018 at 00:42 Жауап

    Думаю для молодежи полезно узнать эту информацию путем фильма. Хорошо снимают киноэпопею и пишутся книги об истории нашей Независимости.

  10. Ками 11 Желтоқсан, 2018 at 00:33 Жауап

    Бүгінгі күнімізге шүкіршілік айтпай, тырнақ астынан кір іздейтіндерді түсінбеймін мүлде. Қазір бәрі де бар, мүмкіндіктер шексіз, ал олар біреуді жамандайды да отырады.

  11. Талгат 11 Желтоқсан, 2018 at 00:36 Жауап

    Тарихымызды өзімізге қайтарып, бостандықтың шапағатын көрсеткен адамды ешқашан ұмытпауымыз қажет.

  12. Айжан 11 Желтоқсан, 2018 at 00:39 Жауап

    Желтоқсан оқиғасы бәрінің есінде. Ол кезде жастардың барлығы ел тағдыры үшін уайымдады. Тәуелсіздігіміздің алғышарты болып та табылады.

Пікір жазу


*