Көшбасшы жолы – кейінгі жастарға өнеге

185
10
Бөлісу:

Елбасы ұрпақ қамы – ұлт қамы екенiн үнемі есімізге салып отырады. Күні кеше «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап, зерделеу қажеттігін айтты. Расында да, мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. «Болашағың өзіңді зеңбірекпен атпауы үшін, өткеніңе тапанша кезенбе» деп Расул Ғамзатов айтқандай, адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көңілге түюдің маңызы бөлек. Тарихи жәдігерлерді таңдай қаға тамашалап қана қоймай, оның қадіріне жете білу де маңызды.

Өркениетті елдерде музейге, мәдениетке деген жалпы халықтық құрмет ерекше. Біз де қазақ болмысын әлемге таныту үшін мә­де­ние­тімізге, рухани құндылықтарымызға құр­метімізді жоғалтпауымыз керек. Барымызды ба­ғалай білсек, басқаға танытарлық бай­лы­ғы­мыз жетерлік. Әсіресе, рухани байлықтың ор­ны айрықша.
Бұл мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай оты­рып, бүгінмен ұштастыра айтылған. Қа­зақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жат­қанын жете түсіндіріп, «Біз кімбіз?» деген сұрақ­қа терең де толымды жауап береді. Та­ри­хымызды жүйелі түсінуге жетелейді. Ма­қа­ла­дағы көне тарихымызға қатысты негізгі жо­ба­лар Еуразия құрлығындағы саяси және эко­­­номикалық тарихтың беталысынан сыр шер­теді. Мемлекет басшысының қырағы­лы­ғы, көрегендігі туралы сөз басқаша.
Елбасы – қазақ халқының батылдыққа то­лы өткені, өркендеп келе жатқан бүгінгісі жә­не жарқын болашағын байланыстырып тұр­ған көрнекті көшбасшы. Ол – адамзат ба­ла­сына бір емес, бірнеше жаһандық жоба ұсы­нып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал ет­кен тарихи тұлға. Төрткүл дүниені мә­мілегерлігімен, бейбітқұмарлығымен тәнті етіп, ауызына қаратып келеді. Оған Елба­сы­ның халықаралық жиындардың биік мін­бер­лерін­де жасаған мәлімдемелері дәлел. Алма­ғайып дүниенің тамырын тап басып, оның жү­рек дүрсіліне әлемнің құлағын түргізу, сол арқылы адамзаттың бас ауруына айналған шетін мәселелердің түйінін тарқату екінің бірінің қолынан келетін оңай шаруа емес. Бүгінгі таңда Қазақстан Көшбасшысының бір емес, бірнеше жаһандық бастамасы әлем­нің алты құрлығында жүзеге сәтті асырылып жатыр. Аймақтық, жаһандық мәселердің шешілуіне белсенді атсалысып, халықаралық жағдайды реттеу мақсатында жаһан жұртына тың идеялар ұсынды. Халықаралық деңгейде Қа­з­ақстанды қарусыздану және жаппай қы­рып-жою қаруын таратпау үдерісінің көш­басшысы, аймақтық және аймақаралық интег­рациялық үдерістердің бастамашысы, мә­дениет, дін сонымен қатар өркениеттер ара­сындағы пікір алмасудың модераторы
ре­тінде танытты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның эко­номикалық қуатын арттыру үшін сыртқы әлеммен сауда-экономикалық һәм инвес­ти­циялық байланыс жасауға басымдық берді. Ал елдің берекесі мен бірлігін сақтап, өзара сый­ластық пен келісім орнату үшін Қазақстан халқы ассамблеясы атты ұлтаралық тату­лықтың бірегей институтын құрды. Мемлекет бас­шысының осы бастамасы Қазақстанды ха­лықтар достығының мекеніне айналдырды.
Елбасы туған халқына Астана секілді сән­ді де, салтанатты шаһар сыйлады. 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ халықаралық сам­миті ұйымдастырылды. Сол кезде қазақ елі­нің бас шаһарында бір мезетте 56 мем­ле­кет­тің басшысы бас қосты. Қысқы Азия ойын­дарының жалауы да Астанада желбіреді. Бірнеше жылдан бері Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының құрылтайы елор­дада өтіп жүр.
Астана экономикалық форумының ашық пікірталас алаңына айналғанына да біраз жыл болды. Ал елорданың ТМД елдері арасында тұң­ғыш, Азия елдері арасында төртінші болып халықаралық EXPO – 2017 көрмесін абырой­мен атқарғанын әлем біледі.
ЕҚЫҰ төрағалығын абыроймен атқар­дық. 2010 жылдың желтоқсан айында әлем на­зары Астанаға ауды. Себебі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мем­лекеттердің басшылары 1999 жылғы Стам­бұл саммитінен кейін 11 жыл өткен соң ал­ғаш рет ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін Қазақ­станды бет­ке алды. Афинада өткен Сыртқы істер ми­нистрлерінің 17-отырысында ұйымға тө­рағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын тапсырды. Осылайша, біздің ел төраға ретіндегі халық­аралық мис­сиясын бастап кетті. Атап көр­се­тейік, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстанға сеніп тап­сырылды. Біз бұл мәртебеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың жаһан жұртының алдындағы абыройы мен беделі арқылы жеттік.
ЕХРО – 2017 Елбасы Н.Назарбаев­тың тікелей қатысуымен және бақылауымен Қ­азақ­станда 3 ай өткен ЕХРО – 2017 халы­қара­лық көрмесі табысты аяқталды. Қазақстан Көшбасшысы жаһан жұртының назарын өзіне аударған халықаралық көрмені Астанада өт­кізу туралы бастаманы осыдан 9 жыл бұ­рын, Сарагосада көтерді. Ал 2012 жылдың 22 қарашасында Парижде өткен ХКБ EXPO ха­лықаралық бюросы бас ассамблеясының 152-сессиясында Қазақстан EXPO көр­ме­сін өткізу құқығын жеңіп алды. Жасырын дауыс беру қорытындысында Астанаға ХКБ-ның 103 мүше мемлекеті қолдау білдірсе, Бель­гия­ның Льеж қаласы 44 дауысқа ғана ие болды. Тәуелсіз Қазақстан­ның беделін бекітіп, даңқ-дәрежесін асқақ­тат­қан көрме ұлттық эко­номиканың дамуына оң әсер етті. Бұл туралы Мем­лекет басшысы ЕХРО – 2017 халық­аралық ма­манданды­рылған көрмесінің жабылу сал­та­натында:
– Әлем көз тіккен айтулы шара жоғары дең­гейде және зор табыспен өтті. Шағын жә­не орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құ­ны 640 млрд теңге болатын тауарларды жет­кізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туропера­тор­лар­дың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе арт­ты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету са­ла­сы­нан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның ас­танасы бүкіл әлемнің назарын өзіне ау­дар­ды, – деді. Оның абыроймен өтуіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосты.
Қалай айтсақ та, бітімгер басшы Нұрсұлтан Назарбаев – дала дипломатия­сы­ның даналығын жетік білетін, мәмілегерлікті еркін меңгерген, араағайындық миссиясын мін­сіз атқаратын сұңғыла саясаткер. Оның осын­дай көшбасшы жолы кейінгі жастарға өне­ге.

Нұрлан Дулатбеков,
Мәжіліс депутаты

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Ахмет 8 Желтоқсан, 2018 at 16:00 Жауап

    Действительно путь лидера нации от простого металлурга до Президента всей страны мотивирует нашу молодежь.

  2. Самат 8 Желтоқсан, 2018 at 16:01 Жауап

    Уже подрастает поколение Независимого Казахстана. Путь Первого Президента страны является ярким примером роста личности

  3. Малик 8 Желтоқсан, 2018 at 16:01 Жауап

    Меня восхищает новая статья главы государства о нашей истории. Там описано бытность наших предков, их значимость

  4. Ерген 8 Желтоқсан, 2018 at 16:02 Жауап

    Как же простые решения бытовых вопросов повлияли на ход истории. Это можно узнать в 7 граней великой степи

  5. Айбек 8 Желтоқсан, 2018 at 16:05 Жауап

    Я Думаю в истории великой степи граней намного больше. Ведь раньше все развитие начиналось именно здесь

  6. Тимур 8 Желтоқсан, 2018 at 16:06 Жауап

    Ұлт көшбасшысының жолы барлық халыққа мықты үлгі болып келеді. Сол жолмен танысу мүмкіндіктеріне рахмет

  7. Мурат 8 Желтоқсан, 2018 at 16:12 Жауап

    Елбасы жолы киноэпопеясын көріп біршама мәліметтерге көз жеткізуге болады. Әрине оңай жол емес, бірақ нәтижесі қандай

  8. Абылай 8 Желтоқсан, 2018 at 16:12 Жауап

    Жалпы елбасы жолымен танысатын ақпарат көпқой. Соған рахмет. Жастар өздеріне үлгі алып, еңбек етуде.

  9. Даурен 8 Желтоқсан, 2018 at 16:13 Жауап

    Біздің президентімізге таңқалатыным ыссы пештің қасында метталург болып бастап, елдің көшбасшысы атанғаны қуантады.

  10. Әлібек 8 Желтоқсан, 2018 at 16:14 Жауап

    Ұлы даланың жеті қыры. Елбасымыз өз ойымен халықпен бөлісуде. Жастарға жақсы ақпарат деп есептеймін.

Пікір жазу


*