Ұлы дала ұлағаты ұлықталды

306
10
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Түркия төрінде талданып, таразыланды. Мазмұнды мақала – көкейіміздегі көп жайттың жауабын жұптаған дүние болды.

Қарымды еңбек, ауқымды бағдарлама ретінде жоғары баға алған мақала Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті Кеңес басқармасының мұрындық болуымен өткен алқалы жиында кеңінен талқыланды. Анығында, оқу орнына үстіміздегі жылы басшылыққа келген қос жетекші – Болатбек Абдрасилов пен Женгиз Томар мырзалардың Түркия Республикасына жасаған сапарлары Президент мақаласын талқылауға орайы келді.
Ыстамбұл қаласындағы төрт бірдей іргелі оқу орындары ғалымдарының басын қосып, үлкен ойталқының көрігін қыздырған басшылық, Анкарада да ауыз толтыра айтарлық жастар жиынын ұйымдастырды.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің Төрағасы, профессор Мұса Йылдыз мырза басшылық еткен мәжіліс мақаланы мазмұнды талдауымен дараланды.
Мағжан атамыз айтқандай, толқыннан толқын туып, толымды толғамдар тілге тиек, ойға өзек болды. Мұса Йылдыз мырза: «Нұрсұлтан Әбішұлы әуелі «Қазақстан – 2030» стратегиясын түзді. Кейін оны «Қазақстан – 2050» межесімен нығайтып, «Мәңгілік Ел» идеясымен бекемдеді. Дүркін-дүркін маңызды мақалалары жарық көріп тұрды. Мен әлемнің басқа жерінде мұндай кемел көшбасшыны көргенім жоқ», – деп, салмақты сөз саптады.
Университет президенті Болатбек Серікбайұлы мақаладағы басты бағыттарды бағамдап, жастарға кеңінен түсіндірді. Үзеңгілес басшы Женгиз Томар мырза болса, Елбасы мақаласындағы идеялардың Ясауи баба мұрасымен үндесіп жатқанын атап өтіп, оқу орнымыздың атқарып келе жатқан ауқымды жұмыстарының көбінің мақалада тұжырымды түрде көрініс тапқанын жеткізді.
Аға буын ғалымдар мен жас ізденушілер де мақаланың мән-мағынасын алуан тұрғыда талдап, өзіндік көзқарастарымен үндестіре отырып, пікірлерін баяндады.
«Озған ел – тарихын таспен жазады, тозған ел – тарихын жаспен жазады», – деген аталы сөзбен бағамдағанда, мақалада қозғалған татымды тақырыптар тарихи сананың жаңғыруына дем беретіні талқылау жиыны барысында айрықша атап өтілді.
Мәжіліс соңында қадірменді қонақтарға білімгер Анкара жастары атынан Алғыс хаттар тапсырылып, құрмет көрсетілді.


Елбасы мақаласы ғылым майталмандарына тың серпін беріп, жастардың ұшқыр қиялына қанат бітірді.

Мырзахан Байжанұлы,

Анкара Хажы Байрам Вели, 

университетінің докторанты.

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Сакен 9 Желтоқсан, 2018 at 19:04 Жауап

    Түркі тілдес мемлекеттердің барлығына қатысты деп ойлаймын елбасының мақаласы. Жалпы талқылап, талдағандары дұрыс болған

  2. Тимур 9 Желтоқсан, 2018 at 19:05 Жауап

    Столько интересных фактов о становлении своего народа можно узнать в статье 7 граней великой степи

  3. Мурат 9 Желтоқсан, 2018 at 19:05 Жауап

    Я бы добавил что в великой степи гораздо больше граней. Столько еще в мире не исследовано до конца.

  4. Абылай 9 Желтоқсан, 2018 at 19:06 Жауап

    Я будто бы заново прочитал история становления мира. Степной все делал для собственного удобства, тем самым делая революцию в обычных бытовых вещах

  5. Даурен 9 Желтоқсан, 2018 at 19:06 Жауап

    Скакун, лук, удобная одежда, звериный стиль. В принципе в современном мире такие понятия тоже ведь сохраняются. Автомобиль, смартфон, одежда, мода.

  6. Әлібек 9 Желтоқсан, 2018 at 19:07 Жауап

    Ұлы даланын қырлары жетіден аса көп болады деп ойлаймын. Алайда мақаланы оқып шығып, қызықты деректер табуға болады.

  7. Самат 9 Желтоқсан, 2018 at 19:07 Жауап

    Дала тайпалары өздеріне ыңғайлы заттарын ойлап шығарып әлемдік прогресске әсерлеріне тигізгендігі рас.

  8. Мержан 9 Желтоқсан, 2018 at 19:08 Жауап

    Кезін ғұндар еуропа халқын шошытқан аттын үстіне мніп, кавалерия ойлап шығарғанда. Рим құлатты жабайы тайпалар болып.

  9. Айдар 9 Желтоқсан, 2018 at 19:09 Жауап

    Елбасы өз ойларымен бөліскенді ұнатамын. Халқына деген осындай ақпаратты беруі қандай керемет.

Пікір жазу


*