Еуро-2020: Іріктеу тобында Қазақстанның кімдермен ойнайтыны белгілі болды

286
0
Бөлісу:

Бүгін Ирландия астанасы Дублинде футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кампаниясын анықтайтын жеребе тарту рәсімі болып өтті.

Ұлттар лигасы топтық кезеңі аяқталғаннан кейін еуропалық 55 құрама рейтинг бойынша орналастырылған. Бұл ретте Қазақстан бесінші корзинаға түскен. Қазақстан жеребе бойынша I тобына түсіп, Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Сан-Марино құрамаларымен жолдамаға таласады.

Еуропа чемпионатына топтан бірінші және екінші орын алған командалар жолдама алады. Жалпы саны 20 жолдама тарату көзделген. Қалған төрт орын Ұлттар лигасы арқылы ойнатылады. Құрлықтық чемпионатқа іріктеу ойындары 2019 жылдың 21 наурызында басталмақ.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы Еуропа чемпионаты 13 қалада өтеді. Айтулы доп додасын Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго және Санкт-Петербург қалалары қабылдайды. Жарыстың жартылай финалы мен финалы Лондонда өтеді.

А тобы: Англия, Чехия, Болгария, Черногория, Косово;

В тобы: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург;

С тобы: Голландия, Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Беларусь;

D тобы: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар;

E тобы: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Әзербайжан;

F тобы: Испания, Швеция, Норвегия, Румыния, Фарерь аралдары, Мальта;

G тобы: Польша, Австрия, Израиль, Словения, Македония, Латвия;

H тобы: Франция, Исландия, Түркия, Албания, Молдова, Андорра;

I тобы: Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино;

J тобы: Италия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Грекия, Армения, Лихтенштейн.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*