Болашақ ұрпаққа хат

239
12
Бөлісу:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елу жылдан кейін мектепте білім алатын болашақ шәкірт­терге хат жолдады. Бұл қызықты оқиға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру мекемесінің он жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты форум аясында болды.

Елбасы форум басталар алдында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының ғы­лыми жобалары қойылған көрмені аралап көрді. Сондай-ақ осы білім беру мекемелерін одан ары дамыту стратегиясы жөніндегі баян­даманы тыңдады.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы фо­румға қатысушыларға қайырылып, олардың бар­лығын осы интеллектуалды білім ордаларының алғашқы ірі мерей­тойымен құттықтай келе, бұл мектептер еліміздің білім беру процесінде ерекше орын алатынын атап өтті.
– Зияткерлік мектептер мемлеке­ті­міз­дегі орта білім беру жүйесінің этало­нына айналды. Бүгінде Қазақстанның барлық мектебі сіздерге қарап бой түзейді. Өскелең ұрпақтың қазіргі заман та­лабына сай болуы базалық білімге ті­ке­лей байланысты, – деді ел Президенті.
Н.Назарбаев өңірлерде ашылған 20 зият­керлік мектепті 8 мыңнан астам оқушы бітіріп шыққанын хабарлады.
– Еліміздегі әрбір дарынды баланың әлемдік үздік стандарттар бойынша білім алуына мүмкіндік туғызу біз үшін маңызды болды. Оның басты қағи­дат­тары – оқу үдерісінің жүйелігі, мақсаттарды айқын көре білу және тәжірибе жүзінде оқыту, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы оқытудың озық әдіс­те­мелерін және іріктеудің қатаң жүйесін енгізу нәтижесінде НЗМ оқу­шылары математикалық сауаттылық бойынша әлемнің үздік он елінің шә­кірттері қатарына қосылғанын айтты.
– Бүгінде мұнда еліміздің барлық өңірінен келген балалар білім алуда. Солардың 3 мыңнан астамы – көп­балалы және тұрмысы төмен отба­сылардың өрендері. Тағы 2,5 мыңы – ауыл­дық жер мен шағын қаладан келген оқушылар. Бұл – әлеуметтік әді­леттіліктің және әрбір талантты балаға өзін-өзі танытуы үшін жасалған мүмкіндіктің нақты көрсеткіші, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан өзге, Қазақстан Президенті интел­лек­туалды мектептерді ілгері­лету­дің оң қарқынын сақтауды және оларды одан ары дамытудың жаңа бағыттарын түзуді жүктеді.
– Қазірдің өзінде цифрлы техно­ло­гиялар, биоинженерия және робот­тандыру салаларында жұмыс істей ала­тын жаңа мамандар талап етілуде.
Ал­дағы 10-15 жыл ішінде жасанды интел­лект пен автоматтандыру техно­логиялары өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады, – деді Елбасы.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы инновациялық технологиялардың дендей енуі аясында оқушылардың жаңа кәсіптер мен машықтарға бейім­делуінің маңызын нұсқады.
– Әлем күн сайын дамып келеді, үнемі инновациялы және жаңа дү­ниелер ойлап табылуда. Ендеше, жыл­дам өзгеріп жатқан өмір талаптарына сай болу үшін сіздердің заманауи технологияларды меңгерулеріңіз маңызды, – деді Н.Назарбаев.
Бұған қоса, ел Президенті оқу­шылардың STEАM дайындығын күшейту, соның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарын орындау арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қол­дануын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.
– Ағылшын тілінен аударғанда, STEАM дегеніміз – жаратылыстану ғылымдары, техно­логиялар, инже­нерия, өнер және математика. Бір сөзбен айтқанда, бұлар – қазіргі за­ман­ғы әлемде сұранысқа ие болып отырған пәндер. Мұндай пәнаралық және қолданбалы әдісті қолдану балаларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Соның арқасында жасампаздар мен өнер­тапқыштардың жаңа буыны қалып­тасады, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы тағы бір бағыт ретінде шет тілдерді меңгерудің маңыз­дылығын атап өтті.
– Биылғы оқу жылында зияткерлік мектеп­терде оқушылардың өз таңдауы бойынша екінші шет тілін меңгеруі қолға алынды. Жаһан­дану жағдайында шет тілдерін білудің өмір­лік маңызы бар. Бұл басқа елдердегі адам­дар­дың болмыс-менталитеті мен мәдениетін түсінуге жол ашады. Жоғары білім алу және жұмысқа орналасу барысында таңдау жасау аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ оқушы­лардың эмоциялық интеллектін дамыту мәселелерін қозғады.
– Эмоциялық интеллект қазіргі заманда тұлғаның бәсекеге қабілеттілі­гі­нің маңызды қасиеті саналады. Жа­санды интеллект бар­лығын алмас­тырады дей­міз, бірақ шынайы адами сезімді, эмо­ция­ларды ешқандай ма­шина алмастыра алмайды. Адамдарды сендіре алу, өзге адамдарға аяушылық пен жанашырлық таныту, өзгені тыңдай білу, төзім­ділік таныту қабілеттері болашақта тіпті аясы тар техникалық біліктіліктен де көбірек сұра­нысқа ие болады, – деді Елбасы.
Сөз қорытындысында Мемлекет басшысы зияткерлік мектептердің он­жыл­дық мерейтойы дамудың жаңа ке­зеңіне және еліміздің өркендеуі жолын­дағы келесі ауқымды жетіс­тіктердің бастауына айналарына сенім білдірді.
– Қазіргі уақытта терең білім алу, шет тіл­дерін білу және заманауи техно­логияларды меңгеру – бәріміздің басты міндетіміз болуға тиіс. Сіздер сонда ғана алға қойылған мақ­саттарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра аласыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы форумда оқушылар мен ұстаздар Елбасыға қайырылып, «уақыт кап­суласына» салу үшін 2068 жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алатын жас ұрпаққа хат жазып беруді өтінді. Қазақстан Президенті бұл өтінішті орындады.
– Бұл хат 2068 жылғы оқушы қауымға арналады. Ол заманда өміріміз­дің барша саласы жаңа технологияларға құрылады. Адам 100-120 жылдап өмір сүреді. Амандық болса, мұнда не жа­зылғанын сіздер де оқып, біле ала­сыздар. Тек міндетті түрде сақтап қойыңыздар, біреу алып кетпесін! – деп әзілмен түйіндеді Н.Назарбаев.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

12 пікір жазылған

  1. Тимур 10 Желтоқсан, 2018 at 12:19 Жауап

    Елу жылдан кейін ашады екен бұл капсуланы. Қызық болатын сияқты. Расыменде ол кезде заман да, жастар да бөлек болатын шығар.

  2. Мурат 10 Желтоқсан, 2018 at 12:19 Жауап

    Назарбаев зияткерлік мектептеріне 10 жыл болыпты. Уақыт қалай зулайды. Жалпы еліміздегі ең үздік білім ордасы

  3. Абылай 10 Желтоқсан, 2018 at 12:20 Жауап

    Барлық мектептер НЗМ форматында жұмыс жасайды деп айтып еді білім министрі Е. Сағадиев. Күтеміз жаңашылдықты

  4. Сакен 10 Желтоқсан, 2018 at 12:21 Жауап

    Еліміздің ең дарынды, озғыр жастарды осы мектептердің түлектерінен көремін. Олар шет университеттерінде, еліміздң үзді білім ордаларында.

  5. Бектас 10 Желтоқсан, 2018 at 12:21 Жауап

    Аж в 2068 году откроют данное послание. Думаю я в то время вспомню этот момент. Интересное назидание будем прочитать от Первого президента.

  6. Манас 10 Желтоқсан, 2018 at 12:22 Жауап

    НИШ является лучшим образцом подачи знании нашим детям. Ждем когда все кшолы перейдут в подобный формат.

  7. Батыр 10 Желтоқсан, 2018 at 12:23 Жауап

    Подобные школы, лучшие университеты страны – это отличная возможность для молодежи страны. Надо этим пользоваться

  8. Аман 10 Желтоқсан, 2018 at 12:23 Жауап

    Уже прошло десять лет с открытия Назарбаев интеллектуальных школ. Интересно сколько уже выпускников. Лучшие представители молодежи нашей страны

  9. Береке 10 Желтоқсан, 2018 at 12:23 Жауап

    Назарбаев зияткерлік мектептеріне 10 жыл болыпты. Уақыт қалай зулайды. Жалпы еліміздегі ең үздік білім ордасы

  10. Ерлан 10 Желтоқсан, 2018 at 12:24 Жауап

    Аж в 2068 году откроют данное послание. Думаю я в то время вспомню этот момент. Интересное назидание будем прочитать от Первого президента.

Пікір жазу


*