Білім сапасын арттырмақ

155
0
Бөлісу:

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанның қалалық білім беру мектептерінде жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілмек. Бүгінде Қазақстанның бір жарым мыңнан астам мектебінде, ал Көкшетау қаласының 83 мектебінде бұл жүйе енгізілген екен. 

Жобаның мақсаты – бюджеттік шығыс­тардың тиімділігін арттыру арқылы білім са­пасын жақсарту. Айта кету керек, жан басына шаққандағы қаржыны апробациялау елімізде 2013 жылдан бастау алды. Бұл жүйе Қазақстан бойынша – 73, оның ішінде Ақмола облы­сында 13 мектепте енгізілді.
– Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Ақ­мола облысында 7 қалалық мектепте жан ба­сына қаржыландыру 6,3 мыңнан астам оқу­шының қатысуымен қамтамасыз етілді, – деді облыстық білім беру басқармасы бас­ты­ғының орынбасары Светлана Ермолаева, Көкшетау қалалық №5 көп салалы мектеп-гимна­зиясында өткен «Білім беру» бағыты бойынша комиссия отырысында.
Комиссия мүшелері алдында есеп берген Көкшетау қаласындағы №5 мектеп гимна­зия­сының директоры Дина Башарованың баян­дамасы нұротандықтардың ерекше қы­зығушылығын оятты. Дина Оразғалиқызы мек­тептің шынайы мысалдарына сүйене оты­рып, білім беруді жан басына қаржы­лан­дыруды енгізу көптеген мектеп мәселелерін шешуге бағытталған және бірінші кезекте білім сапасын жоғарылату, оқушылар мен мұғалімдерді түрлі деңгейдегі жарыстар мен жобаларға қатыстыруға ынталандыру, ма­те­риал­дық тұрғыдан нығайту үшін оң нәти­же береді деп сендірді. Комиссия отыры­сында партиялықтар білім беру өкіл­де­ріне сұрақ қойып, «Мектеп асха­наларын жаңғырту» партиялық жобасының жүзеге асырылуы және ұсынылатын қыз­меттердің сапасы туралы мәселе көтерді.
Биылғы жылдың тамыз айында сапалы тағамды ұйымдастыру үшін Көкшетау қаласының 17 мектебінің асханалары 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді. Келісім негізінде жекеменшік серік­тестермен жаңғырту кестесі жасалған. Оған сәйкес мектеп асханалары күрделі жөн­деуден өтіп, кәсіпкер технологиялық жаб­дықтарды сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы жи­налғандарды Көкшетау қала­сының білім беру бөлімінің бастығы Бейбіт Жүсіпов хабардар етті. Көкшетау қалалық білім беру бөлімінің мектеп асханаларында тамақ­тануды бақылау тобының төрағасы кез­десу барысында жұмыс мониторингінің нәти­­желері туралы айтып берді. Барлық кө­теріл­­ген түйткілді мәселелер партия филиа­лы­ның бақылауына енді, оларды шешу үшін тиісті шаралар қабыл­данатын болады деп «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жиынды қорытын­дылады.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*