Әр елдің салты басқа

165
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2017 жылы сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған күннен бастап ұлттық құндылықтар мен ұлттық кодты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар атқарылды. Әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен салт-дәстүрлеріне негізделген мәдениеті болатынын тағы да бір нақтылай түсті.

Осы бағдарламаның жалғасы ретінде бүгінгі жарияланып отырған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлтымыздың жетістік­тері мен ерекше­лік­терін одан ары паш етуге мүмкіндік беріп отыр. Қазақ жері­нің киелігін, көптеген ғалым­дар мен данышпандардың мекені екенін тарих беттерінен оқып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуды қолға алуымыз қажет.
Елбасының «Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр болады» деген пікірін басшылыққа ала отырып, дала өркениетінің тарихи кезеңдерін кеңінен қамтитын «Ұлы дала тұлға­лары» атты ғылыми-көпшілік серия­ларды шығаратын болсақ, жастардың бойында нағыз патриот­тық тәрбиенің қалып­тасатынын белгілі. Сондықтан фильмді сапа­лы әрі шетел азаматта­рымен бірлесе отырып түсіру – біздің ғана емес, шетел азаматтарының да біз­дің тарихи тұлғаларымыздың ерен ең­бек­тері жайлы мәліметтер алатыны сөзсіз.
Еліміз түркі халықтарының қа­сиетті қара шаңырағы болып табылған­дықтан «Түркі өркениеті: түп тамы­ры­нан қазіргі заманға дейін» атты жобасы мен «Дала фольклорының анто­логиясын» жасауды тапсырып отыр.
Бұл шаралар өз кезегінде еліміздің ер­теңі үшін жасалып отырған құнды дүние деп есептеймін. Халықтың ұлы­лығы – оның руханиятында. Мұхтар Шаханов айт­қан­дай: «Тарихты
білмеу – тамырсыздық» – дей келе, әрбір адам өзінің тарихи тұл­ға­лары мен олардың ерлігі туралы мағ­лұмат­тарға қанық болған жағдайда келе­ше­гіміз кемел болатынына сенемін.

Ербол БАЙҚОНЫСОВ,
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси жұмыстар бөлімі меңгерушісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*