Ерекше фотокөрме

125
0
Бөлісу:

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлт тірегі – Елбасы»  атты салтанатты шара өтті. Іс-шара аясында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент»  кітап көрмесінің ашылуы болды.

Кітапхана қорындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Президентіміз Н.Назарбаевтың қызметі туралы, оның халықаралық аренадағы рөлі, сондай-ақ белгілі қайраткерлердің Елбасы жайындағы ой-пікірлері айтылды.
Шара модераторы Н.Назарбаев алғаш Президент болғанда сұхбат алған Махат Садық естеліктерімен бөлісті. Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Дәуренбекқызы Елбасы кітаптарына талдау жасап, «Ұлы даланың жеті қыры» мақала­сы­ның шет тілдерге аударылғанын айтты. Сенатор Әділ Ахметов Нұрсұлтан Әбішұлының ел игілігі үшін атқарған жұмыстарын айтып, әлемдік аренадағы Елбасы келбетін ашып берді.
Фотокөрмеге «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Игорь Бургандионовтың, «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзанұлының, «Литер» газетінің фототілшісі Совет­бек Мағзумовтың, «Деловой Казах­стан» газетінің фототілшісі Талғат Галимов­тың және Sultan magazine журналының фототілшісі Марат Амитровтың фотосуреттері қойылды.
– Маған Елбасын Генадий Головкин­мен бірге түсірген суретім ұнайды. Президенттің жастармен, балалармен, студенттермен түскен суреттері ерекше шығады.
Нұрсұлтан Әбішұлы жастар жағдайын сұрап, емен-жарқын сөйлеседі. Соны түсіріп тұрып, Елбасының қарапайым­ды­лығына қайран қаламын, – дейді Айтжан Мұрзанұлы көрме жайында.
Шараға зиялы қауым өкілдері, Астанадағы ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары және мұғалімдер қатысты.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*