ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ – 41 НЫСАН

102
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқаты: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы басым міндеттерді орындау бойынша барлық өңірлерде өркенді істер қолға алынуда. Жамбыл өңірінде де халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделген ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс аз емес. Оның бір нәтижесі ретінде облыста 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай 41 нысан ашылды. Оның 32-сі – медициналық мекеме.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде халық денсаулығының сапасын арт­тыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жекеменшік секторды жұмылдыра отырып, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері қолданылуда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инно­вациялық әдіс-тәсілдері енгізіліп, жаңа ғимараттар мен нысандардың құрылысы жүргізілді.
Мереке қарсаңында облыс орта­лығы Тараз қаласында медицици­налық жедел жәрдем стансасына берілетін автокөліктердің кілтін тап­сыру салтанаты өтті. Бұл күні бар­лығы жалпы саны 27 көлік тапсы­рылды. Оның 1-і «Газель» мен 16-ы «УАЗ» көлігі.
Бұдан бөлек, ашылған 32 меди­ци­налық нысанның 29-ы мемле­кет­тік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Оның 13-і – ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункттер. Олар Байзақ ауданындағы Шахан, Көкөзен, Жаңатұрмыс, Жібекжолы, Сары­барақ, Тегістік, Қордай ауданындағы Көкадыр, Меркі ауданындағы Екпін­ді,Сарысу ауданындағы Шағалалы, Қамқалы, Т.Рысқұлов ауданындағы Шолақ­қайыңды, Талас ауданындағы Сейіл­бек, Тұрымқұл ауылдарында орна­лас­қан. Сондай-ақ бұл күндері Бай­зақ ауданындағы Ынтымақ, Жам­был ауданындағы Бектөбе, Бес­ағаш, Гродекова, Пригородное, Ақ­бұ­лым, Түркісіб, Жуалы ауданын­дағы Шақпақата, Меркі ауданындағы Мы­хан, Сарысу ауданындағы Игілік, Шу ауданындағы Шоқпар ауылда­рын­да 15 келушіге арналған дәрігер­лік амбулаториялар пайдалануға берілді.
Ал ауысымына 10 келушіге ар­нал­ған 7 фельдшерлік-акушерлік пункт Байзақ ауданындағы Айман­төбе, Жамбыл ауданындағы Ерназар, Меркі ауданындағы Екпінді, Мо­йынқұм ауданындағы Ұланбел, Көк­желек, Сарысу ауданындағы Ұйым, Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақат, Шу ауданындағы Тасөткел ауылын­дарында ашылды.
Айта кету керек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген 29 медициналық нысанға барлығы 843 миллион теңге қаржы жұмсалған. Аталған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберіндегі бұл нысандардың құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджет­тік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып, 1,4 млрд теңге бюджеттік қаражат үнем­делді. Бұл арқылы ауылдық жер­лердегі алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі 84 пайызға қам­тылады. Жалпы, облыста 95 ал­ғаш­қы медициналық көмек көрсету ұйы­мына ғимарат қажет болатын. Бұл бюджеттік инвестициялық жоба ре­тін­де жүзеге асырылғанда, оған жал­пы 6 567,6 миллион теңге және 7 жыл уақыт керек болатын. Мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік ая­сында салу арқылы мерзімін 3 жылға, жұмса­латын қаржы көлемі 2 376 мил­лион теңгеге үнемделді. Нақ­тырақ айт­қан­да, 4 жыл уақыт және 4 192 мил­лион теңге қаржы үнемделіп отыр. Яғни, 95 нысанның 29-ы биыл ашыл­са, 2019 жылы – 40, 2020 жылы 25 ны­­­сан бой көтереді деп жоспарлануда.
Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында халықтың ме­дициналық мекемелерге деген қолжетімділігін арттыруға арналған бұл нысандардан бөлек, жұртшы­лықтың әлеуметтік тұрмыс сапасын арттыруға негізделген мекемелер де ел игілігіне берілді. Атап айтар бол­сақ, Тараз қаласында полиция бас­қармасы №1 полиция бөлімінің қа­былдау бөлмесі, Жамбыл ауданында «Мөлдір», Жуалы ауданында «Әсем достар» жекеменшік балабақшалары, Қордай ауданында 75 орынды «Бала­лық шуағы», 50 орынды «Нұр-Әділ»», 50 орынды «Балалық базары» бала­бақшалары және 120 орынды «Бо­лашақ» шағын орталығы, Т.Рысқұлов ауданында 120 орынды «Бота» бөбек­жай, Ауқатты ауылдық полиция бө­лімшелері ашылды. Мереке қарса­ңын­да пайдалануға берілген бұл бар­лық 41 нысан алдаға уақытта Елба­сы Жолдауындағы негізгі мін­дет­тердің орындалуы жолында ел игі­лігіне жұмыс жасай бермек.

Ерман ӘБДИЕЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*