Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

1424
10
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды.

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;
2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.

  1. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Тимур 9 Желтоқсан, 2018 at 16:50 Жауап

    Расыменде лайықты тұлғалар барлығыда. Еліміздің мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосып жүрген азаматтар.

  2. Абылай 9 Желтоқсан, 2018 at 16:52 Жауап

    Керемет. Біздің Аққұштап Бақтыгереева мемлекеттік сыйлыққа лайық болғаны қуантады. Әрине мықты ақын апамызғой.

  3. Даурен 9 Желтоқсан, 2018 at 16:52 Жауап

    Анаға апарар жол киносы мықты әсер қалдырды өзіме. Қаншама қиындыққан өтті басты кейіпкер. Мықты жас талант актерлер.

  4. Әлібек 9 Желтоқсан, 2018 at 16:53 Жауап

    Өз туындыларымен, еңбектерімен жастарды тәрбиелеп жүрген ел азаматтары. Бір қуанып қалдым өзім.

  5. Ахмет 9 Желтоқсан, 2018 at 16:54 Жауап

    Да действительно достойные люди, которые уже давно доказали, что заслужили все награды мира. Главное признание народа.

  6. Айдар 9 Желтоқсан, 2018 at 16:55 Жауап

    Каждый из них в своей сфере имеет значительный вес. Я думаю наша молодежь и равняется на таких людей

  7. Сакен 9 Желтоқсан, 2018 at 16:56 Жауап

    Государственная премия для этих людей я думаю не предел. Столько трудов было сделано, их имена народ давно уже признал

Пікір жазу


*