Қолжазбаны қорытатын маман қат

132
1
Бөлісу:

Анкарада қазақ жастары «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдады. Қазақ жастары кеңесінің бастамасымен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде Түркияда білім алып жүрген магистранттар, докторантар, шетелдік студенттермен кездесу өтті.

Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Президентінің ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғырту мақаласының тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі әлемінің тарихын зерттеуге серпін беретінін айрықша атап өтті. Сондай-ақ қазақ тариxының бастауы, өркениеті, түркі әлемінің адамзат тариxына қосқан үлесі зор. Мақала қысқа мерзімде шет тілдеріне аударылды. Магистрант пен доктаранттар мақалада жазылған негізгі бағыттарды талдады. Мәдени, рухани және тілдік мәселелерді қамтыды. Кездесуде жастар­дың «Ұлы даладағы керуен жолдардың тарихи стратегиясы», «Түбі бір түрік бастауының тарихнамасы», «Ұлы даланың музыкалық сарындары», «Аң стилінің ұлттық нақыштарының тарихы» тақы­рып­тарына тың ұсыныс-пікірлер айтылды. Анкара университетінің докторанты Дамира Маханова «Архив – 2025» бағдар­ла­масы мақсатының маңыздылы­ғын, ұлт тарихының мәдениеті мен құнды­лықта­рын білу мен насихаттау әрі сақтау – ұлт бола­ша­ғының кепілі» деген пікірімен бөлісті.
Армениядағы Месроп Маштоц атын­дағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар институтында 17 мыңнан астам ежелгі қолжазба сақталған. Қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттеп, оқитын маман тапшы. Осы саланың мамандарын дайын­дау – кезек күттірмейтін мәселе. Докторант Нұрлан Байғалып мақаланың БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу талқыланғанын айтты. Биология ғылымдарының докто­ран­ты Фахреддин Сағжан «Қазақ­стан – алма мен қызғалдақтың отаны» баянда­ма­сында Қазақстанның табиғат байлығының артықшылығын талдады.
Журналист Дінмұхаммед Қасымбек «Ұлт тарихындағы кино және музыканың алар орны» баяндамасында киноның идеология құралы екенін айтты. «Ұлттық рухты көтеретін фильмдер түсірілуі керек. Қазақтың әлемге танылмаған батыр, ақын, жазушылары туралы туындыларды шығару арқылы өскелең ұрпақтың жадын­да өткен тарихты жаңғыртамыз. Қазақстан Президентінің ұлттық ерекше­ліктер, көне тарихты зерделеу керектігі жөнінде айтылған ой-пікірлері өте құнды» деді ол.
Елші Абзал Сапарбекұлы Елбасы мақаласындағы басым бағыттарды жан-жақты түсіндіру, айтылған ойлардың барлығы жастар үшін келешегін айқын­дауға септігін тигізетіндігін, осы бағытта өздерін жетілдіру маңызды екенін айтты. 2017 жылы құрылған «Анкара жастары» кеңесінің алдағы уақытта атқаратын жұмыстары жайында жас­тар­дың ой-пікірін тыңдап, оны жүзеге асы­ру­ға қатыс­ты нақты ұсыныстарды талқылады.

Майра ЖАНЫСБАЙ

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Еңлік 12 Желтоқсан, 2018 at 00:48 Жауап

    Түркияда өткен басқосуда қазақ мемлекетінің тарихы талқыға салынды. Жалпы, түрік елінде оқып жатқан жастар қазақ ұлты үшін аянбай тер төгу керек екендігін өте жақсы біледі. Сондықтан олар «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы қызу талқыға салып жатыр.

Пікір жазу


*