Мәдени байланыс нығаяды

112
0
Бөлісу:

Алматыда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы өз жұмысын бастады. 

Шараға Орталық Азия аймағының белгілі документалистері, КСРО Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты, режиссер Шухрат Махмудов, өзбекстандық сце­на­рист және кинотанушы Разика Мерген­баева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры Садулло Рахимов, тәжікстандық режиссер, продюсер Орзумурод Шарипов, кино­танушы Гульбара Толомушова, қырғызтан­дық документалист Жанышбек Дадабаев, белгілі документалист, режиссер Владимир Тюлькин, режиссер Ануар Райбаев, кино­тану­шы Александра Лумпова және режиссер Евгений Лумпов қатысты.
Форумның ашылу салтанатында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы А.Маемиров, Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сценарист, режиссер Б.Қайырбеков, Кино және ТВ факультетінің деканы, өнертану ғылым­дары­ның кандидаты, доцент Г.Мурсали­мо­ва және бірнеше кино маманы сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқтал­ды.
Жиын барысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының рек­торы Асхат Маемиров Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумының өткізілуі жайында айтып өтті.
– Академияда Кино және ТВ факуль­те­тінде деректі фильм режиссурасы жақсы жолға қойылған. Орталық Азия мемлекеттерінің отырысын­да мәдени байланыстарды арттыру туралы нақты бағдарламалардың тұжырымда­ма­лары жасалып, дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Бұл Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының идеяларын жүзеге асырудың көрінісі болмақ. Еліміздің руха­ни құндылықтарын кеңінен дәріптей­тін деректі фильмдер әлемдік деңгейде үлкен мәнге ие. Форум аясында Қазақстан­ның деректі фильмдеріне арнайы уақыт бөлеміз. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан фильмдері ерекше мәнге ие. Бұл шараға жоғары деңгейдегі режиссерлер келіп отыр. Форум барысында екі фильмнің тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ әрбір мемле­кет­тен жиырмаға жуық фильмдер көрсеті­ле­ді, – деді А.Маемиров.
Форумның бірінші күні – өзбек бағдарламасына, екінші күні – қырғыз бен тәжік бағдарламаларына арналса, шараның соңғы күні қазақ бағдарламасының көрсе­ті­лімі қойылды.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз