Киноны тәртіпке келтіретін заң

241
0
Бөлісу:

Нәзира МҰҚЫШЕВА, кинотанушы, Қазақ ұлттық Өнер университетінің «Өнертану» кафедрасының профессоры:

– Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығында тұңғыш рет Қазақстан киносына қатысты заң қабылданды. Бұл – қазақ киносының мәртебесі асқақтап, енді барлығы бір заңға бағынады деген сөз. Қазіргі таңда киноның тәрбиелік мәні зор. Көгілдір экранға телмірген заманда ата-анадан алу керек тәрбиені теледидардан, кинодан, бағдарламадан алып жүргеніміз жасырын емес. Батысқа үйрететін де, батысқа еліктетін де – кино. Содан көргенін істеп бұзылып та, дұрыс жолға түсіп жатқандар да жетерлік. Осындай құдіреті күшті киноларды бір тәртіпке келтіру өте қажет дүние еді. Енді міне киноны реттейтін керек қару-жарақ бар. Біздің қару-жарағымыз – ол заң.

Бөлісу:

Пікір жазу


*