Қазақ-жапон байланысы берік

594
0
Бөлісу:

Жапондық дипломат Қазақстандағы өз міндетін аяқтайды. Мәулен Әшімбаев өз тарапынан елшіге «Нұр Отан» партиясы мен Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясы басшылығы арасындағы байланысты орнату мен ықпал ету мәселелеріне қатысты жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты белсендіру, үкі­мет­аралық және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан қомақты жеке үлесі үшін Итиро Кавабатаға алғыс айтты.
– Осы бірнеше жыл ішінде Жапонияның қызығу­шы­лы­ғын біздің мемлекетке ұсын­дыңыз, көп шаруа жасалды. Екі ел арасында жоғары деңгейде байланыс тұрғысынан қомақты еңбек істелді. Сондай-ақ кон­сул­дар, кәсіпкерлер арасында, біздің мемлекеттік құрылымдар, депутаттар арасында және сәй­кесінше, қазақстандық әріп­тес­тер арасында адами қарым-қа­тынасты нығайту бойынша қы­руар еңбек атқарылды. Сіз Қа­зақ­стан пен Жапония арасын­дағы екіжақты байланысты ары қарай нығайту мен дамыту үшін өте көп еңбек сіңірдіңіз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Партия төрағасының бірін­ші орынбасары жапондық дип­ломат жұмыс істеген уақытта екі ел арасында сауда-инвестиция және экономика саласындағы байланыстың жөнге келті­ріл­ге­нін атап өтті. Бұл жемісті жұ­мыс­тың айрықша көрсеткіші – тауар айналымның қарқын алуы.
Өз кезегінде жапондық дипломат Қазақстандағы оның қызметі Қазақстандағы және Жапониядағы көптеген айтулы оқиғалармен тұспа-тұс келгенін алға тартты. Солардың қата­рында ол Қазақстан тәуелсіз­дігінің 25 жылдығы, екі ел ара­сын­дағы дипломатиялық арақа­тынастың орнауының 25 жыл­дығы, Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтті.
– Сондай-ақ «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасына назар аудардым. Бұл бірегей бағдар­лама, бірегей идея. Қазақ­стан бір жағынан жаңа қоғамды тұрғызу жолында болса, екінші жағынан өзінің ұлттық біре­гей­лігінің маңызын ұмыт­пай­тынын білдім, – деді Итиро Кавабата.
Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев жапондық дипло­мат­қа алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*