Астананың арулары

1034
0
Бөлісу:

«Астана аруы» байқауы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай финалға шыққан 20 аруының суреті жарияланған таныстырылым күнтізбесін шығармақшы.

Астананың ару қыздарына фотосессияны Fashion фотосуретшісі Марета Келигова түсірді. Оның туындылары шаһар жанрын түсіре білетін хас шебер Максим Золотухиннің туындыларымен үйлесім тапқан.

Күнтізбенің мұқабасында «Астана аруы 2018» мерейтойлы байқауының жеңімпазы Еркеназ Сейфулла бейнеленген. Еркеназ 2017 жылы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебін тәмамдаған. Қазақ технология және бизнес университетінде білім алып жатыр. Болашақ дизайнер ретінде өзінің киім-кешек желісін құруды армандайды. Сондай-ақ Еркеназ Сейфулла «Ақ Орда» дебат клубының 2017-2018 жыл маусымындағы ең үздік спикер атағын иеленді.

А.Ахмет

Бөлісу:

Пікір жазу


*