Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы

572
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы ашылды.

Ә.Кекілбайұлы кітапханасы ең бай кітапханалардың бірі. Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залының қоры жазушының кітапхана коллекциясынан іріктелген  жеке кітапханасының каталогы бойынша мынадай әдебиеттерді ұсынады: адамзат тарихына арналған мәдениет және өнер тарихы туралы басылымдар, планетаның ұлы тұлғалары туралы кітаптар, Қазақстанның ақындары мен жазушыларының кітаптары, альбомдар мен атластар, Қазақстанның географиясы мен тарихы және оның туған жері – Маңғыстаудағы алманахтар мен көптеген қызықты басылымдар.

Коллекцияда барлығы 6019 басылым ұсынылып отыр. Оның 5 883-і кітап, CD және DVD дискілеріндегі бейнефильмдер мен аудио кітаптары – 134 дана және 2 библиографиялық брошюралар бар.

Асқар Алтайұлы.

Суреттерді түсірген – Советбек Мағзұмов.

Бөлісу:

Пікір жазу


*