ҚАЛАМГЕР ҚАУЫМНЫҢ ҚОЛДАУЫ

554
0
Бөлісу:

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының қоғамдық санаға қозғау салғаны мәлім. Әсіресе, халқымыздың рухани тыныс-тіршілігіне ерекше мән берілген стратегиялық маңызы зор саяси құжатты зиялы қауым өкілдері қуана қабылдады. Өйткені елдің әлеуметтік жағдайы, экономикасы мен мәдениетін одан ары жақсартудың нақты жолдары көрсетілген Жолдауда Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаппай қолдауға ие болғанын тілге тиек ете келіп, бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет екеніне ерекше тоқталды. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы әдебиетіміз мен мәдениетіміздің әлеуетін арттыру мақсатында шығармашыл зиялы қауыммен жұмысын жандандыра түскенін жұрт жақсы біледі. Атап айтқанда, халықтың зор сеніміне ие болған жетекші партия қаламгерлерді ынталандыру үшін бірнеше жобаға қолдау көрсетіп, Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп жұмыс істеуді бастап та кетті. Партияның бұл игілікті бастамасы елдің рухани өміріндегі ең үлкен жаңалық ретінде қабылданып, қаламгер қауымның қызу қолдауына ие болды.

Жанарбек ӘШІМЖАН,
ақын, «Ана тілі» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Еліміздегі саяси партияларға бай­ланысты ақпарат құралдарында, әлеу­меттік желілерде алуан түрлі пікір жа­рияланып жатады. Мұны демокра­тиялық қоғамның белгісі ретінде ба­ғалауымыз керек. Бұл көкейдегі түйт­кілді мәселелерге қатысты әділеттілік көксеген тиісті құ­зыр­лы орындардан десі қайтқан, әлеуметтік теңсіздіктерге көңілі толмаған электо­раттың қоғам­дық бақылаушы күшке жү­гінуі десе де болады. Осы орайда халықтың басты сенімі негізінен билік партиясы сана­латын «Нұр Отанға» артылатыны жа­сырын емес. Себебі, «Нұр Отан» өзге пар­тиялардан гөрі қоғамда өте белсенді, белсеніп қана қоймай өз сайлау­шы­ла­рына барлық жағынан қолдау көрсетеді. Тіпті халық көп жағдайда билік партиясына инстанс деңгейінде жүгініп келеді. Бұл – әлеуметтік салаға бай­ланысты түйгеніміз.
Кейінгі жылдары партия идеология­лық бағытта ірі жобаларға қолдау көр­се­туде. Мәселен, мемлекеттік «Мә­дени мұра» бағдарламасының жүзеге асуына аз ықпал еткен жоқ. Сондай-ақ партия жа­нын­дағы «Мирас» қоғамдық кеңесінде тілге, дінге, рухани құнды­лықтарға, тарихи мәселелерге қатысты аз жиын өткен жоқ және оның көбі тиісті деңгейде жүзеге де асты. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы негізінде әр саладағы ай­тулы тұлға­лардан бастап, жаңа қалыптасып келе жатқан жекелеген шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне де ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, таяуда ғана Алматы қаласында өткен белгілі өнер зерттеушісі, ғалым, ұстаз, сазгер Сағатбек Медеубекұлының мерейтойының жоғары деңгейде өтуіне партия үлесін қосып, ат­салысты. Белгілі әдебиет сыншысы Аман­гелді Кеңшілікұлы партия басшы­лығының тапсырмасымен арнайы келіп, мерейтой иесін құттықтады. Бүгінгі таңда әл-Фа­раби атындағы ҚазҰУ-дың Жур­налис­тика факультетінің деканы ретінде Сағатбек Медеубекұлының Елбасы, пар­тия Төр­аға­сы Н.Назар­баев­тың білім са­пасын арт­тыруға не­гізделген стратегиялық мақсат­тарын жү­зеге асыруға зор үлес қо­сып жат­қа­нын атап өтті. Бұл – ең бірінші ке­зек­те әдебиетіміз бен өнерге көрсетілген құрмет.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Елбасының биылғы жылғы Жол­да­уындағы «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сына ерекше тоқталып өтуі рес­пуб­ли­ка­мыздың түкпір-түкпірінде игілікті істерге қозғау салып жатыр. Соның басы-қасын­да жетекші «Нұр Отан» партиясының бо­луы – шығарма­шылық зиялы қауым өкіл­дерін ізденістерге қанаттандырып отыр.
Рухани жағынан кемелденген ұлт қана өркениет өрінен көрінуге хақылы. Соның айқын бір көрінісі – жапон жұрты. Осы заманғы ғылым мен тех­никаның құла­ғында ойнап отырған осы елдің жапондық жанқиярлық саму­райлық рухына қараңыз. Олар бүкіл дүниежүзінің ғылым мен тех­никадағы озық жетістіктерін жатсынбай, жа­тырқамай, бойына сіңіріп алып, Азия­дағы дәулеті мен сәулеті келіскен кемел елге айналды. Ұлттық болмыс-бітімін сақтап, жат мәдениетке «жұты­лып» кет­пеген! Түрі ғана емес, ділі де – жа­пон! Осы заманғы жапон әдебиеті қандай?! Алақандай аралдан қаншама Нобель сыйлығының лауреаттары шықты?!
«Нұр Отан» партиясының ұлттық әде­биетімізді өркендетуге бағытталған кейінгі кездегі жобалары ұлттық ру­ханиятты да­мыту – ұлттық тәуел­сіз­дік­тің басты ны­шаны екенін көрсетіп отыр. Қарағандының өзінде қалам­гер­лер қа­уы­мы оқырмандармен кез­десуді игі дәстүрге айналдырып, оған кейінгі толқын – жастарды да тарта бас­тады. Өркениетке жаһандық руха­нияттың озық үлгілерін сіңіріп, тек қазақ болып баруымыз керек! Мәселе – осында. Абай Шыңғыстаудан Еуропаға Пушкин мен Гетені іздеп барып, оларды Ұлы далаға алып келді, қалтарыста қалып қойған жоқ қой?! Абай Еуропаға бар­ған­да (ХІХ-ХХ ғасырлар) осы өзімізге пір болып отырған жапон­дардың өздері басқа жақта жүрген-ді…
Елбасы биылғы Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясын жаңа мазмұнмен және тың бағыттармен толық­тыру қажет екеніне арнайы тоқталып өтке­ні мені ерекше қуантты. Яғни, Елбасы айтса, рухани өміріміздің бойына қан жүгіріп, нағыз ұлтқа айнала бастаймыз. Ел Президенті ұлттық код туралы бекер айтып жүрген жоқ. Ұлт болмаған жұрт тексіз тайпаға айналады. Тайпа мен ру ұлт бола ал­майды. Елбасы өз Жолдауында рухани жаңғырудың жаңа мазмұны дегенде осыны меңзеп отыр. Экономикасы дамыған, рухани ой-өресі биік кемел ұлт қана өркениеттен ойып орын алады. Қазақ екі өкпесін қолына ұстап, Абайға келе жатыр… «Нұр Отан» пар­тиясы соны қырандай қиядан шалған сынды.

Дайындаған
А.МЫРЗАБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*