ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ БАҒА

486
0
Бөлісу:

Дәстүрге сай еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында белсенділігімен көзге түскен қызметкерлер мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды. Салтанатты іс-шараға партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.

Марапат иелерін қуаныш­тары­мен құттықтаған «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңы­зы­на назар аударды.
– Тәуелсіздіктің 27 жылында елі­міз барлық салада ауыз толтырып ай­­тарлықтай жетістіктерге қол жет­кізді. Елбасы саясатының арқа­сын­да Қазақстан алпауыт елдермен те­резесі тең, әлемдік қауымдастықта абы­рой-беделге ие мемлекет болып та­нылды. Ең бастысы, шекара­мыз­ды бекітіп, мемлекеттігімізді мыз­ғымастай етіп қалып­тас­тырдық. Эко­номикалық, әлеу­меттік салада халық­тың әл-ауқа­тын арттыруға ба­ғытталған үлкен жұ­мыстар ат­қа­рылуда. Астанамыз ха­лықаралық күн тәртібін қалып­тас­тыруда маңыз­ды рөл ат­қаратын ірі ор­та­лыққа айналып келеді. Осы же­тіс­­тіктің барлығы Елбасы сая­са­тының арқасында жүзеге асы­ры­лып жатқаны сөзсіз, – деді Мәу­лен Әшімбаев.
Сондай-ақ ол Елбасы Жол­­дауында және «Ұлы даланың же­ті қыры» атты мақаласында еліміздің алдына ерекше мақсаттар қой­ғанын тіл­ге тиек етті. Шын мә­нінде, бұл бас­та­малар әлеу­меттік са­ла­ны жаң­ғыр­тып, ұлттық рухты оятып, халық тұр­мысын жаңа деңгейге көтеретіні анық.
Осындай игілікті істің бар­лы­ғында «Нұр Отан» партиясы Елба­сының сенімді тірегі ретінде үнемі Президенттің жанынан та­былғанына да тоқталып өтті.
– Елбасының елді биіктерге бас­таған страте­гиялық саясатын жү­зеге асыруда және тәуелсіздікті ны­ғайтуда «Нұр Отан» пар­тиясы да үлесін қосып келеді. Келесі жы­лы партия­мыз­дың 20 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында Мем­лекет басшысының барлық бас­тамасын жү­зеге асыру жолын­да партия айтар­лықтай жұ­мыстар атқарды. Сондық­тан тәуел­сіздіктің қа­­лыптасып, ны­ғаюы­на біздің пар­тия мү­шелері де зор еңбек сіңірді деп айтуға толық негіз бар, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар партия Төра­ға­сы­ның Бірінші орынбасары алда әлі талай мақсат-міндеттер бар еке­нін ай­тып, елдің іргесін одан ары бекітіп, тәуел­сіздігімізді қорғау үшін әр қа­зақ­стандық талмай еңбек ету керегін тілге тиек етті және сал­танатты іс-шараға қатысу­шы­ларды қастерлі де қа­сиет­ті мереке­мен шын жүректен құттықтады.
Іс-шара барысында Тәуелсіздік кү­ніне орай, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ең­бегі үшін, елдің әлеу­меттік-эко­но­­ми­калық және мәдени да­муына, ха­лық­тар ара­сындағы достық пен ын­­­­ты­­мақтастықты нығайтуға үлкен үлес қо­сып, табандылығымен та­ныл­ған нұротан­дықтар мемлекеттік жә­не партиялық награ­далармен ма­­рапат­тал­ды. Атап айтқанда, «Па­расат» ор­дені­мен «Нұр Отан» пар­тия­сы Батыс Қазақстан облыстық фи­лиалы төра­ғасының бірінші орын­басары Серік Сүлеймен наг­рад­талды. Одан бөлек, бүгін бел­сен­ді нұротандықтар «Құр­мет» ор­де­німен, «Ерен еңбегі үшін» ме­­­да­лі­мен, Қа­зақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Құрмет грамота­сымен, «Аста­на 20 жыл» мерейтойлық медалі­мен, «Белсенді қызметі үшін» төс­­­бел­­­­гі­сімен «Нұр Отан» партия­сы­ның «Құрмет» грамотасымен мара­пат­талды.
Жалпы, мереке қарсаңында «Бел­сенді қызметі үшін» төс­бел­гісімен – 61, Құрмет грамота­сы­мен 111 нұро­тан­дық наградталды. Олардың қа­та­рында Мәжіліс де­путаттары, Ор­та­лық аппарат пен пар­тия тарапы­нан құрылған ме­кемелердің қызмет­кер­лері, сондай-ақ аймақтық және ау­мақтық партия филиалдарының өкіл­дері бар.

Серік СҮЛЕЙМЕН,
«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі мара­пат­ты батысқазақстандық партия мүшелерінің Елбасы тапсырма­ла­рын орындаудағы жұмысына берілген ба­ға деп қабылдаймын. Сондай-ақ бұл өңі­рі­­міздегі барлық нұротандыққа жүк­­­­­телген үлкен жауапкершілік. Сон­дық­тан алдағы уақытта партия Төрағасының се­німді тірегі бола отырып, Елбасының сая­си, экономикалық, әлеуметтік және ру­хани жаңғыру жо­лын­дағы бастамаларын іске асыруда бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Сонымен қатар барша қа­зақ­стандықтарды ең басты мерекеміз Тәуел­сіздік күнімен құттықтап, әр отбасына ырыс пен береке тілеймін. Қазақ елінің бо­лашағы жарқын болып, Елбасымыз бас­таған игі істер сәтті жүзеге аса бер­сін. Сол жол­да әр нұротандық табан­ды­лығымызбен танылып, ел да­муына елеу­лі үлесімізді қоса берейік. Мереке құт­ты болсын!

Алтынай КӨБЕЕВА,
Алматы қаласы Ақпаратты-ресурстық орталығы қоғамдық қорының директоры:


– Шыны керек, Ел­басы партиясынан осындай марапатқа ие болу – қорымыз үшін үлкен мақта­ныш. Мұндай құрмет бізге жұмысымызды бұ­рынғыдан да нәтижелі, табысты іс­теуі­мізге жігер беріп, ынтамызды арттыра тү­се­ді. Осы ретте соңғы айларда «Нұр Отан» партиясының жұмысы жанданып, ха­лық­қа одан ары жақындай түскенін, ел үшін көптеген игі істерді қолға алып, жастары­мыздың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасап жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл – Елбасы, партия Төрағасының ха­лыққа деген қам­қорлығының жарқын көрінісі. Осындай тың бастамалардың арқасында біз сияқты қорлардың, басқа да үкі­меттік емес ұйым­дардың партиямен қарым-қатынасы ны­ғайып, жұмысымыз жандана түсті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қа­зақстандықтарды бүгінгі ең ұлық мей­рамымызбен шын жүректен құттық­тай­мын. Еліміз аман болсын!

Жанар БОҚАНОВА,
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Саяси менеджмент академиясының директоры:

– Бұл марапаттың мен үшін құны жо­ғары. Өйткені бұл біздің академияның жұ­мысына берілген баға. Биыл академия үшін жемісті жыл болды. Партия басшы­лы­ғының қолдауымен көптеген жетіс­тік­терге қол жеткіздік. Соның арқасында пар­тиялық білім беру ісі бойынша Ор­та­лық Азиядағы ең үздік оқыту орын­да­ры­ның біріне айналамыз деп сенемін. Осы мақсатта бүгінде нақты жұмыстар ат­қа­рылып жатыр. Алдағы уақытта сол мақ­сатқа жету үшін еселі еңбек етеміз. Осындай марапатты Тәуелсіздік күні қарсаңында алуымды да өзім үлкен жақсылыққа балаймын. Себебі, еліміздің ең басты мерекесінде жұмысымыз еленіп, лайықты бағасын алып жатса, оған тек қуанамыз. Тәуелсіздік күні құтты бол­сын! Елбасы, партия Төрағасының тап­сырмасын орындауда жоғары нәти­жеге жете берейік. Осы жолда нұр­отандық әріптестері сәттілік пен табыс тілеймін.
Руслан
ЖҰМАНОВ,
«Нұр Отан» партиясы кадрлармен жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары:

– Егемен елімізде 47 кәсіби, 9 мем­ле­­кеттік және жалғыз ғана ұлттық мереке бар. Ол – Тәуелсіздік күні. Бүгін Абылай­дай ата­ларымыздың асқақ арманы ақи­қатқа ай­налған күн. Еліміз 27 жыл ішінде ішкі және сыртқы саясатта көптеген жеңіс­терге жетті. Осы жолда, яғни мем­лекеттігіміздің қалыптасуына пар­тия­мыздың да қосқан үлесі қомақты. Партия құрылған жылы елдегі ахуал басқаша болатын. Тіпті ол кезде бүкіл әлем эконо­микалық дағдарысты бастан өткеріп жатты. Сондай қиын-қыстау шақта іргесі қаланған партиямызға елімізді жарқын бо­лашаққа бастайтын нақты миссия жүк­телді. Ол кезде бұл мүмкін еместей кө­рінгенімен, бүгінде біз Елбасының сенімді тірегі, нағыз халықтың партиясына ай­налдық. Алдағы уақытта да қалың көп­шіліктің қажетіне бағытталған ісімізді жал­ғастырып, Елбасы бастамаларын орын­дауда жетістіктерге жете береміз деп сенемін. Болашағымыз баянды, тәуел­сіздігіміз тұғырлы болсын!

Еламан ҚОҢЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*