Жеңімпаздар шеруі

568
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы республикалық «Арыңды таза ұста» атты ең үздік әлеуметтік бейнеролик байқауының жеңімпаздарын марапаттады. 

Партия хатшысы Илья Теренченко бай­қау жеңімпаздарын құттықтап, алғысхаттар табыс етті. Байқаудың нә­ти­жесінде, 1-орынды Нұржан Балах­ме­тов, 2-орынды Динара Киндербаева, 3-орынды Константин Петях иеленді.
Қоғамды сыбайлас жемқорлықтан арылтуға арналған республикалық бай­қау жыл сайын өткізіледі. Негізгі мақсат – білім беру, мәдениет, құқық қор­ғау, ден­саулық сақтау саласындағы жем­қор­лық­ты жою. Байқауға қатысқан ви­део­ларда қоғамдағы парақорлық мәселесі жан-жақты қамтылған. Сонымен қатар азаматтар байқауға ерекше ынтамен қатысу үшін жеңімпаздарға қомақты сыйақы берілді.
«Арыңды таза ұста» байқауына қа­тысқан әлеуметтік роликтер топтама­сын комиссия мүшелері талқылап, қо­­ғамдық орындарда көпшілік наза­ры­на ұсынады. Байқауда жалпы 21 бей­не­жазба көрсетілген еді. Оның басым бө­лігі әлеуметтік саладағы жемқор­лық­тың зардабы туралы түсірілген. Атап айт­қанда, жоғары оқу орнында дип­ломды сатып алу, парамен жұмысқа ор­наласу, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін ғимараттардың балабақ­ша, мектеп, балаларды дамыту орталық­тары басшыларының тексеруші орган­дарға пара беру деректері негіз болған.
Партия хатшысы Илья Теренченко жиынға қатысушыларға жемқорлықтың алдын алуға әрбір азамат белсенді ат­салысуы керектігіне айрықша тоқталды. «Біз үнемі жемқорлықты жою жайында айтамыз. Жемқорлықты түбірімен жою үшін оның әлеуметтік себебін жан-жақ­ты зерттеу керек. Жемқорлықты жою­дың бірден-бір жолы – әрбір адам пара беру, пара алу деректері жайында құ­зыр­лы органдарға дер кезінде хабарлауы керек. Хабарлаған азаматтарға қомақты қаржылай сыйлық беріледі», – деді Илья Теренченко.
Оның айтуынша, бейнероликтердің әр­қайсының түбінде бір ақиқат бар. Бала­бақша, мектеп, жоғары оқу орны, құ­қық қорғау саласы, жас маманның жұ­мысқа орналасуы, дәрігердің дип­ломды сатып алуы әлі де кездеседі. Мұн­дай келеңсіздіктерді жою үшін ен­жарлық танытпай, белсенді болу ке­рек. Көпшілік байқауға қатысқан бей­нероликтерді қоғамдық орындардан та­ма­шалай алады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*