Еркіндік сыйлаған ұлы таң

397
0
Бөлісу:

Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мем­лекеттiк тәуелсiздiгi туралы» заңды қабылдаған та­рихи күн әрбір Қазақстан азаматының есінде. Содан бері мінеки, жиырма жеті жыл өтті.

Бұл күнді еліміздің ең басты мерекесі деп санаймын. Мемлекет басшысы атап өткендей Тәуелсіздік – миллион­дардың қанатты үміті және орындалған ғасырлық арманы. Расында да, бұл – қарапайым мереке емес, бұл – ата-бабамыздың арманы орындалған, елімізге ер­кіндік сыйлаған ұлы күн. Қазіргі таңда Қазақ­стан – тұрақты экономикасы мен әлемнің ең да­мы­ған отыз елінің қатарына қосылу және адамдардың өмір сапасын әлемдік стандарт деңгейінде қамтамасыз ету секілді болашаққа өр жоспарлары бар егеменді, тәуелсіз әрі демократиялық мемлекет. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев шын мәнінде дана адам, шебер саясаткер, стратег әрі нағыз патриот, еліміздің тұрақтылығы пен өркендеуінің кепілі. Тәуелсіздік жылдары экономика жүйесі түбегейлі өзгеріп, Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы мемлекетке айналды. Біз көптеген жұмыстарды атқардық: тұғыры берік мемлекет пен ең серпінді экономика құрдық, адамдардың өмір деңгейін жақсарттық және жаңа керемет елордамыз Астананы салдық, ол қысқа мерзім ішінде теңдессіз, қазіргі заманғы мегаполиске айналып, Қазақ­стан күш-қуатының нышаны болып тұр. Сонымен қатар Қазақстан үшін тарихи маңызы бар ЕҚЫҰ саммиті, EXPO – 2017 сияқты іс-шараларды өткіздік. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қазақстан­дықты еліміздің бірден-бір ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құт­тықтаймын! Бұл мереке, шын мәнінде, халқымыздың еркіндігі мен қуатының символы. Осындай айтулы күні сіздерге зор денсаулық, бастарыңызға амандық және тұрақтылық тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім болғай!

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Мәжіліс депутаты,
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*