Театр музейінің төрінде

957
0
Бөлісу:

Алматы – Алаш елінің мәдени ошағы. Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Аспанында қазақ өнері жарқырай жанған алып шаһар. Ұлт әдебиетінің қайнар көзі. Алайда, ұлтымыздың асыл құндылықтары шоғырланған, талай тарихты бойында жасырған Алатау бөктеріндегі ару қала Алматыны, оның мәдени өмірін біз қаншалықты білеміз? Ертеңгі ұрпаққа өнеге болатындай тарих жауһарларын сақтай алдық па?  Біз сіздерді бүгіннен бастап ұлттық жәдігерлерге бай, тарихтан сыр шертер музей үйлері мен өнер ошақтарын таныстыра бастаймыз. Алғашқы бас сұққан ордамыз Мұхтар Әуезов театрының музейі.

1968 жылы 24 мамырда М.Әуезов театрының музейі ашылды.  46 жылдық тарихы бар мұражайдың жинақталу, қалыптасу, даму тарихынан көп жұрт бейхабар болуы мүмкін. Небары 500-ге жуық фотолармен өз жұмысын бастаған музейде бүгінде 50000-нан астам экспонат бар.

А.Ахмет

Бөлісу:

Пікір жазу


*