Алматы – ғылым ордасы

560
2
Бөлісу:

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Алматыға сапар жасады. Ол мегаполиске келген бойда жас ғалымдармен кездесті. Сонымен бірге, қаланың туристік әлеуетінің дамуымен танысу мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарға барды.

Биылғы қараша айында Ба­луан Шолақ атындағы спорт сарайында ашылған Visit Almaty туристік ха­бын аралау кезінде Үкімет жетек­шісіне консультация орталығында әр туристің барлық қажетті ақпа­ратты – карталарды, жолнұсқа­ғыш­тарды, тау бағ­дар­ларының атла­сын, туропе­ра­тор­лардың бро­шю­ра­ла­рын, мәде­ни-бұқаралық шаралар­дың аң­­­дат­паларын және басқала­рын ала алатыны баян­далды. Бұдан басқа консультанттар түрлі мә­се­лелерді, заңдарға және ден­сау­лыққа қатысты шұғыл мә­се­ле­лерден бас­тап, логистикалық, мы­­салы, «қай жерде тамақ ішіп, Көк­­­төбеге қалай жетуге болады?» де­­­ген сұ­раққа жауап беріп, көмек көр­­­сете алады. 11 айда орталықтан 25,2 мың­нан астам турист кеңес алған.
Қала әкімінің орынбасары Е.Әукеновтің айтуынша, Алма­тыда туристер саны биыл өткен жылмен салыстырғанда, 11%-ға артқан. Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жартысына жуығы, 43,6 пайызы Алатау бөк­теріндегі шаһарды бетке алады. 2018 жылдың ІІ тоқсанында Алма­тыға 503 мың турист келген.
Туристік тартымдылықты арттыруға септесетін жобалардың бірі 2019-2020 жылдарға жос­парланған «Алматы-2» теміржол вокзалының реконструкциясы. Нысанды аралау кезінде Б.Са­ғынтаевқа жобаның «Алматы-2» және «Алматы-1» арасында екінші жолды, қосымша терминалды, жерасты өткелдері мен қала маңы бағыттары үшін жаңа жолаушылар платформаларын салуды қарас­тыратыны баяндалды. Вокзалды жаңғырту нысанның пайдалы аумағын екі есе арттырмақ.
Мұнда Премьерге көлік ин­фра­­құрылымын дамыту жайы ба­ян­далып, «каршеринг» жаңа сер­висі таныстырылды. Оған сәйкес, жүргізуші куәлігі бар кез келген адам мобильді қосымша арқылы автомобильді минутпен жалға ала алады. Бұл мақсатқа барлығы жүзден астам автомобиль қызмет ететін көрінеді.
Алматы әкімдігінің ақпара­тынша, биыл қалалық автобус пар­кін жаңарту көрсеткіші 80%-ға жетеді. Жеке инвестициялар есе­бінен автопарк және үшінші бу­ындағы электрлі автобустар шы­ғаратын зауыт салынды. Сон­­­дай-­ақ Алматыда Қазақ­стан­дағы алғашқы BRT (арнайы бө­лін­ген жолақтар­мен қозғалатын жүр­дек автобустар) желісі ұйым­дас­ты­рылды. Қоғам­дық көлік үшін 110 шақырымдық жол мен 10 орталық көшеде бір­жақты қоз­ғалыс енгізілді, ал «Ор­битадан» «Жасыл базарға» дейін велодәліз жасалды. Қаланың орталығын шеткі бөліктерімен, қалаға қо­сыл­ған аудандармен байланысты­ра­тын екі метро стансасы тұрғызылуда.
Сапар аясында Бақытжан Са­ғынтаев ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен кездесу өткіз­ді.
Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Үкімет бас­шысы жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымды­ғына айналып жатқанын атап өтті. Ғылымды дамыту үшін жақсы жағдайлар жасалуда, субсидиялар, жеңілдіктер беріліп, түрлі қолдау шаралары қабылдануда. Тең қаржыландыру жағдайында ғылыми нәтижелерді коммерция­ландыруға гранттар бөлу бастал­ды, бұған жеке сектор тартылуда. 138 жобада отандық ғылыми әзір­лемелерді енгізуге мемлекеттік емес көздерден 3,2 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды.
Өз кезегінде, енді жастардан экономиканың барлық сала­ла­рын­да белсенді әрі тиімді қайта­рымның болуы күтіледі. Жастар нақты бас­тамалар білдіріп, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қатысты өз білгендерін ұсынуы тиіс.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Аселек 26 Желтоқсан, 2018 at 14:22 Жауап

    Қоғамдық көлік саласын дамыту қажет. Көптеген кемшіліктер бар. Сіз халық туралы ойлауға тиіссіздер!

  2. Наталья 26 Желтоқсан, 2018 at 17:52 Жауап

    Кейде Алматының жоолары Астананыкінен жақсырақ па деп ойлаймын. Алматыда бостандық, студенттер өздері оқиды, нағыз кредиттік системамен. Ал бізде кредиттік система деген атауы ғана, ұстаздар әлі де советтік системамен оқытып жатқан сияқты көрінеді.

Пікір жазу


*