ДЕМОКРАТИЯНЫҢ БАСТЫ ДіҢГЕГІ

457
0
Бөлісу:

Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға Жоғарғы палата депутаттары, Қарағанды облысындағы мәслихат хатшылары, ауылдық округ әкімдері, министрліктер мен мекемелердің өкілдері қатысты.

Сенат төрағасының орынба­сары Сергей Громов жергілікті өзін-өзі басқару – қазіргі заманғы демократияның басты діңгегі екеніне назар аудартты. Елбасы «Қазақстан–2050» Страте­гия­сында мемлекеттілікті нығай­ту және қазақстандық демократияны дамыту мақсатында басқарудың ара-жігін ажырату жөнінде міндет қойды.
Осы орайда вице-спикер 6 жыл бұрын Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы бекітіл­генін, онда еуропалық жергілікті өзін-өзі басқару хартиясында белгіленген муниципалды демо­кратия мен муниципалдық бас­қарудың жалпыға ортақ құнды­лықтары мазмұндалғанын атап өтті. Тұжырымдаманы іске асыру үшін Парламент жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігін айқын­дауға, сондай-ақ олардың қар­жы­лай дербестігін кеңейтуге бағыт­тал­ған бірқатар заңдарды қабылдады.
Отырыс барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыға салынды. Осы саладағы Қарағанды облысында атқарылған шаралар мысалға алынды.
Сенат басшысының орын­басары 2016 жылы құрылған Қо­ғамдық кеңестердің ерекше рө­ліне тоқталды. Мемлекеттік емес осы ұйымдар қоғамның мемлекет істеріне ықпал етуі тұрғысында ұйымдастыру мүмкіндіктерін жүзеге асырады және қабыл­да­натын мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін консультациялық кеңесу және байқау органы ретінде қызмет атқарады.
«Мемлекет басшысы Ұлт жоспары аясында мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін нығайту туралы міндетті алға қойды. Сондықтан қоғамдық кеңестердің қызметін талқы­лау­дың маңызы зор, олар мемлекеттің және қоғамның негізгі талап-ті­легі мен мүдделерін білдіреді», – деді С.Громов.
Жергілікті мемлекеттік бас­қа­руды дамыту мәселелерін тал­қылай келе, кеңес мүшелері ­жер­гілікті өзін-өзі басқару ре­фор­­маларын жүзеге асыру жұ­мыс­тарын жетілдіру жолындағы өзек­ті мәселелерді қарады және үкіметке, уәкілетті органдарға, Парламент депутаттарына ұсы­ныстар әзірледі.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*