ЖОБАСЫ ЖАҚСЫ

500
0
Бөлісу:

Түркістанда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ келді. Облыс орталығының даму жоспарымен арнайы танысуға келген делегацияны облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бірқатар нысанды аралатып, таныстырды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары төрағалық еткен облыс әкімдігіндегі жиында Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы бастаған бірқатар тиісті министрліктер мен Ұлттық компания өкілдері Елбасы тапсырмаларына сәйкес Түркістанды дамытуға бағытталған жобалары бойынша баяндамалар жасады.

Алдымен Отырар мөлтекау­данында болып, әкімшілік-іскер­лік орталығында бой көтеріп жат­қан нысандарды аралап көрді. Онда қазіргі таңда 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысы жүргізілуде. 1536 пәтердің 1200-і (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында. Биыл қыркүйек айын­да іргетасы қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қа­раша айында ел игілігіне берілмек.
Сондай-ақ делегация «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мә­де­ни қорығына аялдады. Онда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ма­ңынан салынатын тарихи архи­тектуралық жобалардың ноба­йымен танысты. Жобалармен та­нысып шыққан Үкімет бас­шы­­­сының бірінші орынбасары Асқар Мамин Түр­кістан облысы­ның әкім­­дігінде Түркістан қаласын дамыту бо­йын­ша өткен жиынға қатысты.
Жиынға төрағалық еткен Асқар Ұзақбайұлы жақында ғана Аста­нада Елбасы төрағалығымен Түркістан қаласының дамуы жөнінде алқалы жиын өткенін және нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. «Елбасы тапсырмасы бойынша бірқатар жұмыстар іске асырылды. Соның ішінде Түркістан қаласында Түркістан бас жоспары инс­титуты жұмысын бастады. Тұжы­рымдамаға сәйкес қалалық салалық инженерлік инфрақұрылым схемалары бе­кітілді және құрылыс жүргізілетін аймаққа кіретін жер телімдерін дайындау, қайтарып алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар Түркістан қаласында құры­лыс аймағы белгіленді», – деді.


Баяндама жасаған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түркістан қаласының жаңа облыс орталығы ретінде дамуы бойын­ша атқарылып жатқан жұмыс­тар жайлы айтып өтті. «Бүгінде ­құ­­ры­лыс жұмыстарымен ай­на­лысатын мердігер­лерге қатысты құжаттар әзірленіп, тиіс­ті ша­ралар атқа­рылуда. Яғни, жа­ңадан салынатын нысандарға арналған жер телім­дері зерттеліп, дайын­далуда. Сон­дай-ақ ин­женер­лік коммуни­ка­циялар үшін тех­никалық си­паттамалар жаса­лып, сәулеттік жос­парлау жұмыс­тары жүргізілді», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*