Экспорт әлеуетін дамыту көзделді

805
0
Бөлісу:

Партияның Орталық аппаратында партиялық қадағалау комиссия­сының «Өнеркәсіптік даму» бағыты бойынша отырысы өтті. Оған Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов жетекшілік етті.

Кездесуге Инвестициялар және даму вице-министрі А.Каби­кенов, «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасы басқарма төраға­сының орынбасары Қ.Бишімов, Kazakh invest АҚ басқарма төр­ағасының орынбасары Б.Канешев және Ұлттық экономика, Қаржы ми­нистр­лігінің, Шекара қызметі және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында комиссия мүшелері Елбасының «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты Жолдауын ескере оты­рып, еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуды, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардағы еңбек өнім­ділігін арттыруды қарастырды. Алғашқы мәселені Инвестициялар және даму вице-министрі көтерді және ағымдағы экспорттық саясат, бөлімнің жоспары және болжамды пайда туралы әңгімеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан 800-ден астам тауарды 123 елге экс­порт­тайды. Экспорттық себет жыл сайын 5-8 өнім тобына толты­рылады. Атап айтқанда, экспорт­тық тауарлардың жаңа топтары 2017-ге автомобильдер, күн ба­тареялары, газ қазандықтары, па­трондар, рельстер, пост-терми­налдар, құрғақ бие сүті енгізілді.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экспорттық өнімдері легирленген болаттан, пішінделген және арнайы профильден, алюминий сымнан, жіксіз құбырлардан және профиль­ден, сондай-ақ басқа да металлур­гиялық өнімдерден тұрады. 2018 жыл­­дың соңына қа­рай қаржылық қолдау шараларын қамтамасыз ету шеңберінде KazakhExport ЕСК арқылы 79,6 млрд теңге сомасына 48 жобаны қолдау жоспарланып отыр. Олардың 50%-дан астамы – агроөнер­кәсіптік кешеннің және тамақ өнеркәсібінің өнімдері.
Мемлекет басшысының экс­портты дамытуға 500 млрд теңге бөлу туралы тапсырмасын орын­дау туралы А.Кабикенов айта келе, бұл қаражат жеңілдікті несие беру мен экспорт алдындағы қаржы­ланды­руды ұлғайтуға бағыт­талатынын тілге тиек етті. Ұсы­нылған шаралар жиынтықта 2022 жылға дейін үшінші елдердің нарықтарында табысты бәсеке­лесуге, 300-ден
450-ге дейін экс­порттаушы кәсіп­орындардың санын көбейтуге және шикізаттық емес экспорт көлемін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бас­қарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев экспорттау­шы­ларға қызмет көрсету туралы айтып өтті. Биыл палата отандық тауар өндірушілерге өңделген қазақстандық өнімді ілге­рілету үшін 84 іс-шара ұйым­дастырды және 423 қызмет көрсетті. Осы жұмыс нәтижесінде жалпы сомасы 457 млн АҚШ долларына 73 экс­порттық келісім жасалды.
Келер жылдан бастап сервистік қолдау күшейтіледі. Атап айт­қанда, Ресей, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Белоруссия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері сынды басым экспорт­тық елдерде 10 жаңа сауда миссиясы ашылады.
Сарапшылармен бірлесе оты­рып, өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өнеркәсібінің 600-ден астам кә­сіпорыны олардың технологиялық деңгейін анықтау және Индустрия 4.0 элементтерін іске асыруға да­йын­дықтарын бағалау, сондай-ақ жү­йелік кедергілерді анықтау үшін жан-жақты сауалнама арқы­лы зерт­телді. Осылайша, өндіріс кәсіп­орын­дарының 80%-ы және кен өндіру өнеркәсібінің 60%-ы Өнер­кәсіп 2.0 (жартылай автомат­тан­ды­рылған операциялар) дең­гейінде немесе автоматтанды­рылған өнді­ріс­ке өту кезеңінде тұрғандығы анықталды.
Белгіленген проблемалық мә­селелерді талқылағаннан кейін депутаттар, комиссия мүшелері мем­­лекеттік органдарға, Ұлттық па­­латаға және квазимемлекет­тік сек­торға тиісті ұсыныс жолдады.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*