Головкиннің міндетті қарсыласы чемпиондық белдігін қорғап қалды (видео)

787
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге міндетті қарсылас болып саналатын Джермалл Чарло ресейлік Матвей Коробовты жеңіп, WBC тұжырымының «уақытша» чемпионы деген атақты қорғап қалды.

АҚШ-тың Бруклин қаласында өткен кездесу 119:108, 116:112, 116:112 есебімен америкалық боксшының пайдасына шешілді.

Бастапқыда Чарлоның қарсыласы өзінің отандасы Кіші-Вилли Монро болған еді. Алайда ол допинг дауына тап болып, WBC оны жекпе-жекке шығудан шектеп тастаған. Сондай-ақ бұл кездесуде Чарлоның егізі Джермелл Чарло өзінің отандасы Тони Харрисоннан жеңіліп, WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды.

Еске салсақ, қазан айында WBC Джермалла Чарлоны рейтингте бірінші тұрған Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеген. Әзірге екі боксшының қай уақытта кездесетіні белгісіз. Қазір 2019 жылдың мамыр айында Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында үшінші кездесудің болатыны туралы ақпараттар тарауда. Бұл ретте Чарло Головкинді күтуге дайын екенін айтыпты.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*