Қазақстандық ауыр атлеттер Катардағы лицензиялық турнирде бірінші орын алды

821
0
Бөлісу:

Дохада ауыр атлетикадан лицензиялық турнир аяқталып, Қазақстан ерлер құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Ерлер арасында 64 келіге дейін Игорь Сон күміс жүлде алса, 73 келіде Нижат Рахимов қола жүлде еншіледі. Бір қызығы бұл салмақта небәрі үш үміткер ғана жарыс жолына шыққан. Ал әйелдер арасынан 100 келіге дейін Раушан Мешітханова күміс еншіледі.

«Біздің ауыр атлеттер жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Алға қойған мақсатқа жеттік. Көрсеткіштерді әрі қарай жетілдіре түсу үшін еңбек етеміз. Әсіресе, Сон мен Мешітханованың өнері көңілімнен шықты» дейді құраманың бас бапкері Юрий Мельников.

Еске салсақ, бұған дейін Катарда жарыс жолына шығатын спортшылар тізімінде әу баста Илья Ильин де болған еді. Алайда тура жарыс қарсаңында Илья қатысушылар тізімінен алынып тасталды. Кейінірек бас бапкер Юрий Мельников Ильяның жарақаты әлі жазылып болмағанын, жарысқа шығар алдында бел омыртқасының қайта сыр бергенін мәлімдеді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*